Қашықтан оқытуды қашан заңдастырамыз?

Оқушылар қашықтан оқуға көшкенімен, заңдық негіздемесі болмай тұр

Фото: kursiv.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі онлайн-пікірталас барысында білім беру саласында алдағы уақытта енгізілетін жаңалықтар туралы айтып өтті. 

"Бүгінде 800 мыңға жуық қазақстандық оушы телеарналар арқылы білім алуда. Біз  тәсілде тиімділік екенін көріп отырмыз. Болашақта біміз беру жүйесі, мектепке дейінгі білім беруден бастап, мектеп, колледж және  ЖОО-ға дейін осындай сын-қатерлер дайын болғанын қалаймыз", - деді Аймағамбетов.


Сонымен қатар, ведомство басшысы қашықтықтан оқыту формасын  заңнамада бекіту қажет деп санайды.

"Бұл бағытты қормативтік-құқықтың реттеу қажеттілігі бар. Қазіргі кезде, ашығын айтқанда, барлық деңгейде,нормативтік-құқықтық актілерде, білім туралы заңда қашықтықтан оқыту туралы түсінік мүлдем жоқ. Сондықтан біз тиісті норманы енгізу туралы бастама көтеретін боламыз. Соған сәйкес арнайы платформаларды дайындап, өзге дә мәселелерді шешу қажет", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, министрлік баспаларға электрондық оқулықтарды дайындау міндетін жүктеді.

"Мектеп бойынша айтсақ, біз қазір электронды оқулықтарға көп көңіл бөлеміз. Ол тек қарапайым электрондық оқулық болмауы керек. Көпшілік  кітапты электрондық форматқа көшіру - жай ғана  сканерленген көшірме жасау деп түсінеді. Расында біз дәл осы деңгейден аса алмай жатырмыз", - деді БҒМ басшысы.

Сонымен қатар Аймағамбетов осы саладағы жақсы тәжірибені мысалға келтірді.

"Нағыз  электронды оқулық шығарған жақсы мысалдар бар. Бұл біз үшін де сын. Біз баспалардың алдына әр баланы электронды оқулықпен қамтамасыз ету және оның қолжетімді болу міндетін қойып отырмыз",  - деп түйіндеді министр. 

Айта кетейік, 6 сәуірден бастап еліміздегі 3 миллионнан астам мектеп оқушысы қашықтан оқып жүр. Ол мына тетіктер бойынша жүргізіліп жатыр

•    Телеарналар арқылы. «Балапан» және «Еларнада» орыс және қазақ тілінде күніне сегіз сағаттан эфир болады. Әр видео сабақ он минутқа жоспарланып отыр. Бүгінде 500-ге жуық сабақ түсірілді. Жалпы саны - 3360. Бәрі мемлекеттік стандартқа сай. Кейін интернетке жүктеледі. Виртуал сабақта берілген тапсырманы үйде орындай береді. Бұл тетікті көбіне интернеті жоқ оқушылар қолданады.   

• Радио арқылы. «Қазақ радиосына» тиісті аудио сабақтар тапсырылған. Бұл тетік теледидары жоқ отбасылар үшін жасалып отыр. 

• Пошта арқылы. Министрлік «Қазпоштамен» келісімге қол қойған. Еліміз бойынша 1200-ге жуық елді-мекенде мектеп жоқ. Ол жерлерде әрі кетсе 5-7 бала ғана бар. Осыған дейін ол балалар көрші елді-мекенге қатынап оқып жүрген. Міне, осы оқушыларға поштамен кері байланыс орнатуға мүмкіндік бар. 

• Штаттық режимде оқу. 1080 мектепте оқушы саны жүзге жетпейді. Шалғайда орналасқандықтан ол жақта қауіп азырақ. Сондықтан олар осыған кезге дейін қалай оқыса, солай жалғастырады. Дәстүрлі режимде сабақ өткізілетін болса да, бір ауысым емес, екі ауысымда оқитын болады. Әрі санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

• Интернет арқылы оқу. Қалада оқитын балалары саны - 2 млн. Аудан орталықтарында 500 мыңдай оқушы бар. Бірақ интернет жылдамдығы мен оған қосылудың оңай емесі ескерілген. Компьютермен қамтамасыз ету де қарастырылып отыр. Қазір мектеп балансындағы 120 мың компьютер уақытша ата-аналарға берілген. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif