90 просмотров
90 просмотров

Алматыда аюлар қайта сахнаға шығады

Қазақ мемлекеттік циркі «EXCENTRIKO» атты жаңа да жарқын бағдарламасын балаларға ұсынбақ.

Фото; автордың телефонынан

Алматыда аюлар қайта сахнаға шығады. Осы уақытқа дейін карантиннің кесірінен шығынға батқан Қазақ мемлекеттік циркі «EXCENTRIKO» атты  жаңа да жарқын бағдарламасын балаларға ұсынбақ.

Бұрын 1800 астам баланы көрермен орындығына жайғастырған цирк бүгінде санитарлық талаптарға сай,  тек 470 балақайды ғана қабылдайтын болды. Цирк директоры Бақыт Бөкебаевтың айтуынша, індеттің кесірінен ұжым жазда бар -жоғы бір ай ғана жұмыс істегендіктен, көптеген қойылымдары жаңармай қалыпты. Оның үстіне іс-сапарлар да азайып, цирк өнері біраз тоқырауды бастан кешіріпті. Дегенмен, алда оқушылардың қысқы демалысы келе жатыр. Соған орай, жаңа қойылым әзірледік деп ағынан жарылған Бақыт мырза жаңа бағдарлама  23 қазанынан    14 қарашасына дейін жалғасатындығын мәлімдеді. 

544a1d41-03d4-463a-9662-a62898610152.jpg

Бүгін журналистердің және кішкентай балақайлардың алдында тұсауы кесілген жаңа қойылымда түрлі акробаттық әдемі туындылардан өзге, маймақ аяқтарымен маң-маң басып аюлар да ортаға шықты. Жыртқыштардың биінен ләззат алған кішкентайлар қол шапалақтап,қолпаштап, езулерінен күлкі кетпей, өте жылы қабылдады.  

 Жаңа  бағдарламада Алматы циркінің үздік қойылымдарын ұсынады:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзілік каскадерлер академиясының «Таурус» (АҚШ) сыйлығының лауреаты Жайдарбек Кунгужиновтың жетекшілігімен Атты –акробатикалық  «Номад» тобы; 

«Эквилибр жұбы»- VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің алтын жүлдегерлері Талғат Уналбаев пен Индира Тұтқабекова;

 «Үйретілген аюлар» номерінің жетекшісі - жыртқыш аңдарды үйретуші Василий Доронин; 


Цветной бульвардағы Юрий Никулин циркінде XVIII Мәскеу цирк өнері байқауының халықаралық жастар фестивалінде және II Минск халықаралық цирк өнері фестивалінің қола жүлде иегерлері - Адлет Тикановтың жетекшілігіндегі  акробат-эквилибристері.
«Еркін сым» номері - цирк артисі Фарида Аширбакиева.

3a4f2060-a571-4349-88f3-013ce458df9c.jpgЖас талантты әуе гимнасты Ирина Храменкова Алматы циркінің аренасында «Кор-де-парель» номерімен алғашқы шығуы

Казақ мемлекеттік цирк аренасында басқа да бірегей цирк номірлері ұсынылады.

2021 жылдың 22 қазанында Қазақ мемлекеттік циркінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен балалар үйінің, интернаттардың тәрбиеленушілеріне және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық қойылымы көрсетілді.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook и Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер