128 просмотров
128 просмотров

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді

Америкалық зерттеу орталығы 2020 жылы анықтаған

Фото: pixabay

Америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша «Мұра қоры» (Heritage Foundation) елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді (2019 жылғы рейтингте – 59-орын). Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті.

Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнестің бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды.

Тұрақты динамика инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.

Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді.

Экономикалық еркіндік деңгейі аса жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кірді. «Мұра қоры» (The Heritage Foundation) америкалық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің экономикалық еркіндігі туралы есеп шығарады. Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) – тиісті рейтингті қалыптастыратын экономикалық еркіндік деңгейін бағалайтын біріктірілген көрсеткіш.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook и Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер