nedvijimost-v-krizis.png

70 просмотров
70 просмотров

Ақтөбеде тергеу изоляторына бауырсақтың ішіне телефон салып, кіргізбек болған 

Ұялы телефон алып кірмек болған азамат бір жылға мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылды

Фото:Polisia.kz сайты

Ақтөбеде тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып кіргізбек болған телефонды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері аталған мекемеде қамауда отырған сотталғанмен кездесуге келген азаматтың сәлемдемелерін тексеру кезінде фальга қағазына оралған, қолдан пісірілген бауырсақтың ішінен “Nokia” шағын телефонын тауып, тәркіледі.

Кездесуге келген Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны мекемеге тыйым салынған затты “есірткімен айналысу” бойынша қамауда отырған ағасына жеткізбек болған. 

 «Азамат С. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сонымен қатар, мекемеге ұялы телефон алып кірмек болған азамат бір жыл бойы мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылады», – деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif