nedvijimost-v-krizis.png

99 просмотров

Жалғасбек Ақболат, қаржыгер: «Венесуэла сияқты ұлттық қордағы ақшамызды тауысып қойсақ, оның соңы үлкен дағдарысқа ұласады».

Эксперт тығырықтан шығудың жолын айтты

Фото: жеке мұрағаттан

Елдегі карантин жағдайы экономикаға үлкен соққы болып тиді. Бірқатар бизнес жабылып қалса, тағы біразы табысын азайтты. Көп мекемеде жұмыскерлер қысқарып, мұның соңы әлеуметтік тұрақсыздық пен төлем қабілетінің нашарлауына әкеліп соғуда. Қазір шағын және орта бизнес қайта еңсесін тіктей бастады. Десе де көлденең кедергі көп. Осы орайда Kursiv тілшісі қаржыгер, GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы Жалғасбек Ақболатпен сұхбаттасты. 

– Кей сарапшылар жыл соңында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 4-5 пайыз болады дейді. Бұл қаншалықты жақсы немесе нашар көрсеткіш болмақ?

– Ол болжамдарға сүйенсек, 4-5 пайыз қазіргі жағдайда өте жақсы көрсеткіш. Алайда Standard & Poor's, Fitch Ratings сияқты әлемдік рейтингтер Қазақстанның ЖІӨ-сін минус 2,5-3 пайызға жетеді деп отыр. Егер 1 пайыздық өсім болса ЖІӨ 0-де болады. Сондықтан 4-5 пайыз – әжептәуір өсім. Алайда қазіргі реалды сценарий -2,5-3 пайыз аралығында болмақ. 

– Пандемияның екінші толқыны ел экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?

– Шағын және орта бизнеске, ел экономикасына үлкен соққы болары сөзсіз. KPMG консалтинг-аудитор компанияның анализіне сүйеніп айтар болсақ, қазіргі кезде азаматтардың өз бюджеті 55 пайызға қысқарып, халықтың тұтынушылық қабілеті төмендеп кеткен. Олар қаржысын жинақтап, үнемдей бастаған. Жалпы ел экономикасы тұтынудан және қызмет көрсетуден тұрады. Алайда пандемияға байланысты көптеген жұмыс орындары қысқарып, адамдардың ақшасы азайып кетті. Соңғы кезде тұрғындар тапқан табысының 25 пайыз бөлігін жинаққа сала бастаған. Қалған бөлігі күнделікті тұрмыс-тіршілікке, қажетті заттарға ғана жұмсалады. Тиісінше, экономиканың тікелей тұтыну мен адамдардың физикалық қажеттілігін өтейтін ғана бөліктері жұмыс істеп тұр. Одан басқасының барлығында қызмет көрсету мен тауар өндіру деңгейі түсті деген сөз. Яғни, бұл жағдай ел экономикасындағы басқа да бизнес түрлерінің табыстылығына кері әсерін тигізеді. Табысы төмендеген соң компания қарамағындағы қызметкерлерді де қысқартуға мәжбүр болады. Ол азаматтар жұмысынан айырылатын болса, қоғамда төлем қабілеті төмендердің саны көбейе түседі деген сөз. Мұндай мәселелер қордалана беретін болса, онда түбі қоғамдық резонанс тудырып, қоғамдық кикілжіңге апарып соқтыруы мүмкін. Пандемияның екінші толқыны Қазақстан сияқты дамушы елдерге ғана емес, дамыған елдерге де үлкен соққы болып отыр. 

– Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларынан (қарапайым заттар экономикасы, ШОБ-ты қолдау, т.б) жақсылық күте аламыз ба? Әлде әдеттегідей науқаншылдық болып қала ма?

– Шағын және орта бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінді ғой. Қазірге дейін соның 420 миллиарды ғана игерілген. Өйткені көптеген осы категорияға жататын кәсіпорындар бұл қаражатты ала алмай жатыр. Не себепті? Біріншіден, ол несиені бізде екінші деңгейлі банктер береді. Ал кез-келген банк несие берер кезде (жеке адамның болсын, заңды тұлғаның болсын) несие алушының табыстылығын, салық төлеуін, төлем қабілетін тексереді. Сол бойынша ғана келісім береді. Карантин кезінде көптеген бизнес тоқтады, тағы біразы каникул алды. Содан олардың табысы төмендеді. Сөйтіп, ондай кәсіпорындар банктің тексерісінен өте алмай, несие ала алмай қалады. Бірақ жоғарыдан ақша келіп тұр. Міне, осындай кезде жүйе жұмысында ақау бар екенін байқаймыз. Дегенмен үкімет барынша қолдан келгенін халыққа ұсынып жатыр. Карантин кезінде азаматтарға 42 500 теңге төленді. «Нұр Отан» партиясы 50 мың теңгелік жәрдемақы ұсынды. Квазимемлекеттік секторға жататын нысандардағы жалдау ақысына жеңілдік жасалды. Қазан айына дейін қызметкерлер жалақысына байланысты төленетін салықты тоқтатты. Енді оны желтоқсан айына дейін созды. Сондықтан үкімет тарапынан жасалып жатқан игі бастамаларды да жоққа шығара алмаймыз. 

– Экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан жиі трансферт жасалады. Жақында тағы 2 трлн теңге бөлінді. Осылай ала берсек қордағы ресурсты азайтып алмаймыз ба? Бәлкім, қаржы табудың басқа да жолдарын қарастыру керек шығар?

– Бізде ұлттық қордан ақша алып, жағдайы нашарлап кеткен банктерді көтермелеп жатады. Ол банктер сол ақшаны адамдарға несие қылып береді. Ал бізде азаматтарға максималды деңгейде несие беру шегі – 56 пайыз. Бұл жерде Ұлттық қордағы ақша – халықтыкі екенін ескерсек, сол халықтың ақшасын өзіне несие қылып беру қисынға келмейді. Негізі осындай бюджетін тауысып қойған мемлекеттердің кейсі бар. Мәселен, Венесуэла сияқты. Олар ұлттық қордағы ақшасын тауысып қойған соң, елде үлкен дағдарыс басталып кетті. Сол себепті, қордағы ақшаны қысқа  уақытта оңды-солды жұмсап жіберсек, ертеңгі күні басқа елдің алдында мүдделі болып қаламыз. Халықаралық валюта қоры деген ұйым бар. Егер ел дағдарысқа тап болып, дефолтқа ұшырайтын болса онда сол ұйым көмекке келіп, қаржыландырады. Бірақ олардың талаптары өте қатал. Ол бойынша өз қаржы нарығымызға өзіміз араласа алмайтын деңгейге жетіп қаламыз. Ал қаржы тартудың басқа да жолдары бар. Біріншіден, қаржылық қадағалауды күшейту керек. Екіншіден, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Олай болса бюджетке салық түсімі көбейеді. Салықтан жақсы ақша түссе Ұлттық қордан көп ақша ала бермейтін боламыз. 

– Президент квази мемсекторды біртіндеп қысқартуды, Бәйтерек пен Казагроны біріктіруді ұсынды. Осындай пайдасыз компаниялар экономиканы одан әрі тұншықтырып отырған жоқ па?

– Ұлттық компанияларға біз есепсіз ақша беріп жатырмыз. Тіпті кейде сыртқы қарыз есебінен де қаржыландырдық. Алайда соны қадағалап жатқан жан жоқ. Ешкім де қаржының қайда жұмсалған есебін бере алмайды. Ал есебін бере алмау деген сөз – ақшаның дұрыс мақсатта жұмсалып жатпағанын аңғартады. 


 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif