nedvijimost-v-krizis.png

17 просмотров

Экология министрі табиғатты қорғау саласындағы заң бұзушылық үшін салынатын жаңа айыппұл көлемін атады

Айыппұл жеке тұлғалар үшін 20 АЕК-ке, орта және ірі бизнес өкілдеріне 75 және 500 АЕК-ке дейін көтеріледі

Фото: Shutterstock.com

Қазақстанда табиғатты қорғау саласындағы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қатаңдатылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

 «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сонымен бірге елде табиғатқа қарсы қастандық әрекеттерінің жиі орын алуына байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің қоршаған ортаны ластауға қатысты тұстарына өзгерістер дайындалды», - деді ол Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға қатысты өткен брифингте.

Министрдің сөзінше, енді көпшілік тұтынатын қоғамдық орындарды былғау әрекеттеріне, қалалар мен елді-мекендердегі жасыл желекке зиян келтіруге, су ресурстарын қорғау ережесін, ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзуға, орман фаунасын жойған немесе зиян келтіруге және орманға қоқыс, химиялық заттар тастауға, басқа да орман қорына келтірілген залалға қатысты айыппұлдар құны артпақ.
Айыппұл жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке, орта және ірі бизнес өкілдеріне 30 бен 70 АЕК-тен 75 және 500 АЕК-ке көтеріледі. 

Ведомства басшысы брифингте сонымен қатар жануарларды қорғауға қатысты жаңа заң жобасының жүзеге асу барысы туралы да айтып өтті. 

 «Заң жобасы Үкіметке енгізіліп қойды. Осы жерде тиісті келісім өткеннен кейін жақын уақытта Парламентке жіберіледі», - деді ол бұл жайлы. 

Заң жобасына дельфинарийлерді жабу туралы норма да енгізілген. 

 «Дельфинарийлерді жабу туралы норма құжатта міндетті түрде болады. Заң жобасының драфтіне тиісті норманы бекіттік. Өздеріңіз білетіндей, соңғы кездері қоғамдық белсенділер мен халықаралық қоғам қайраткерлерінен дельфинарийлерге тыйым салу туралы үндеулер көп түсіп жатыр. Сондықтан осындай норма жасап отырмыз. Ол тек дельфинарийлерге қатысты емес. Жабайы жануарларға қатысты басқа да шектеулер бар», - деді М.Мырзағалиев.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif