nedvijimost-v-krizis.png

14 просмотров

Алматы облысында сотталушы азамат сот залынан шыға сала тағы 4 қылмыс жасаған

Қылмыскер кінәсін толық мойындады

Фото: Shutterstock

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері төрт ұрлық дерегін ашып, үкімі заңды күшіне енбей қалған сотталушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Қарабұлақ ауылының екі тұрғыны үйлерінде төрт ұрлық дерегінің орын алғандығы туралы Ескелді аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басшылық ұрланған мүлікті тауып, кінәлі азаматты ұстауды учаскелік инспектор полиция лейтенанты Гаан Евгенийға тапсырған.

Жас полицей қажетті ақпараттарды тез жинап, бір тәулік ішінде барлық төрт ұрлық дерегін ашты. Күдіктінің 47 жастағы жергілікті тұрғын екендігі және жәбірленушілердің жақын туысы болып табылатындығы анықталды. Сонымен қатар, 14 күн бұрын бөтеннің мүлкін үш рет ұрлағаны үшін ұсталған азаматқа қатысты Ескелді аудандық сотының үкімі шыққаны белгілі болды. Сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған, алайда сот залынан шыққан ол тағы да ұрлық жасаған.

Ұсынылған дәлелдерден кейін күдікті төрт ұрлық дерегін толығымен мойындады және ұрланған мүлікті қайда және кімге сатқанын көрсетті.
 Қазіргі уақытта, ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif