nedvijimost-v-krizis.png

25 просмотров

Қазақстан мен АҚШ ветеринария мамандарын оқыту мәселесін талқылады

Аса қауіпті патогендерден туындаған ауруларды анықтау

Фото: ҚР АШМ ресми сайты

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және АҚШ мемлекетінің уәкілетті органы телеконференция өткізді, онда мал шаруашылығындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Америка елінің өкілдері қауіпті ауруларды анықтау және диагностикалау дағдыларын арттыру үшін ветеринарлық мамандарды оқытуды қарастыратын «Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы» аясында ынтымақтастықты ұсынды.


Атап айтқанда, ветеринариялық мамандар мен малшыларды оқыту, ветеринариялық бейіндегі оқу бағдарламаларын және кәсіби лицензиялау жүйелерін әзірлеу, тұрақты даму бойынша семинарлар өткізу, аса қауіпті патогендерден туындаған ауруларды анықтау және диагностикалау бойынша оқу материалдарын жаңарту және тарату мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, АҚШ тарапы қазақстандық мал өсірушілерге ДДҰ/ХЭБ/ФАО-мен үшжақты ынтымақтастық негізінде аса қауіпті патогендер бойынша есептілікті анықтау, диагностикалау және ұйымдастыру үшін «Бірыңғай ұлттық денсаулық» құрылымын әзірлеуге және институционализациялауға жәрдем көрсетуге дайын.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif