nedvijimost-v-krizis.png

20 просмотров

Үндістанда  бір күнде 76 мыңнан астам адам індет жұқтырған 

15 күннің ішінде бұл елде миллионна астам инфекция жұқтырғандар тіркелді

Фото:EPA

Үндістан тәулігіне 76 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.  Коронавирустан қайтыс болғандар саны 60 мыңнан асты. Бұл көрсеткішке сәйкес әлемде төртінші орында. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Пандемия басталғаннан бері Үндістанда 3 миллионнан астам адам инфекцияны жұқтырды, ресми мәліметтерге сәйкес, небәрі 15 күн ішінде миллион жаңа жағдай анықталды. 

Наурызда Үндістанда қатаң карантин енгізілгенде, эпидемияға бірінші болып қалалар шалдыққаны белгілі болды.

Қазір осындай көрініс байқалса да, мамандар коронавирустың шалғай елді мекендерге біртіндеп тарала бастағанын ескертеді. Мысалы, инфекцияның алғашқы жағдайы жақында Андаман аралдарында тұратын үнді тайпасында тіркелген.

Осыған қарамастан, Үндістан билігі инфекциядан кейін сауығып кеткен адамдардың жоғары пайызын көрсетіп, бұл Covid-19-қа қарсы күрестің сәттілігін көрсетеді деп мәлімдеді. Статистикаға сүйенсек, әрбір 100 жұқтырғандардың 76-сы сауығып, өлім-жітім 1,8% құрайды.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif