nedvijimost-v-krizis.png

9 просмотров

Бали жыл соңына дейін туристерді қабылдамайды

Индонезияда 155 мыңнан астам адам індетті жұқтырған

Фото: EPA

Индонезияның Бали аралы жыл соңына дейін шетелдік туристерді қабылдамайды деп мәлімдеді. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Бұған дейін танымал арал қыркүйек айында басқа елдерден қонақтарды қабылдай бастайды деп хабарланған болатын. Бірақ билік елде жаңа инфекциялардың көбеюіне байланысты бұл жоспардан бас тартуға шешім қабылдады.

Балиде пандемия басталғалы бері Ковид-19-ның 4576 жағдайы анықталды. 52 адам қайтыс болды. Ел бойынша 155 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індет 6759 адамның өмірін қиды. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші.

 «Индонезиядағы жағдай шетелдік туристердің елге келуіне , оның ішінде Балиға келуіне шектеу қойылды», - деді арал әкімшілігінің басшысы Уэйн Костер.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif