nedvijimost-v-krizis.png

22 просмотра

Нұр-Сұлтанда балабақша мен ерекше білім беру орталықтары пайда болады

300-ден астам баланы қамтитын инклюзивті білім беру топтары жұмыс істейді

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқытуға жағдай жасалған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 32,9% құрайды, жоспар бойынша – 30%.

Қазіргі уақытта екі арнайы балабақша бар – № 23 және 64. 26 мектепке дейінгі ұйымдарда түрлі кемістігі бар (есту, сөйлеу, психикалық, ақыл-ойы нашар дамыған балалар) 570 оқушыға арналған 45 түзету топтары жұмыс істейді.

Биыл алғаш рет он балабақшада аутизм спектрі бұзылған 100 балаға арналған арнайы топтар құрылды.

   «45 мектепке дейінгі ұйымда 300-ден астам баланы қамтитын инклюзивті білім беру топтары жұмыс істейді. 13 балабақшада және алты шағын орталықта барлығы 275 баланы қамтитын психологиялық-педагогикалық оңалту кабинеттері бар. Он балабақшада 72 оқушыға арналған логопедиялық орталықтар ашылды», – деп хабарлады білім басқармасы.

Осы жылдың шілде айынан бастап 62 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына бірінші рет бес жеке балабақша орналастырылды. Сондай-ақ «Шуақты әлем» және «Co-Make» қоғамдық қорыларның аясында 155 орындық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту үшін, көру қабілеті төмен балаларға арналған жаңа балабақша үстіміздегі жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар 2020/21 оқу жылында № 22, 23, 25, 64 мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ресурстық орталықтар құрылатын болады.

Сондай-ақ 28 мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы топтар ашу жоспарлануда.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif