nedvijimost-v-krizis.png

18 просмотров

Қазақстандықтар соңғы 3 жылда бір тоннадан астам алтын сатып алған

Бір айда 2700 алтын құймасы сатылған

Фото: kursiv.kz

2017 жылы Ұлттық банк  халыққа тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу ,ағдарламасын іске қосқалы бері, жалпы салмағы 1,1 т құрайтын 30 855 өлшеуіш құйма сатылған. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

2020 жылғы шілдеде ел тұрғындары екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 113,1 кг құрайтын 2 712 өлшеуіш құйма сатып алыпты.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г құймаға деген сұраныс жоғары. Сатылған алтынның 27%-ы соның үлесінде, 10 грамдық  8 206 құйма сатылған. Одан кейін 100 грамдық – 6 491 дана (21%), 5 грамдық – 6 326 дана (20%), 20 грамдық – 6 045 дана (20%),  50 грамдық – 3 787 дана (12%) тұр.

Құймаларды ең көп  сатып алатын өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 54%), одан кейін Атырау (16%), Нұр-Сұлтан (10%), одан кейін өзге өңірлер келеді.

Кері сатып алуға жалпы массасы 3 кг құрайтын 114 өлшеуіш құйма қабылданды. Алтын құймалары – инвестиция салудың сенімді құралы. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалары нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jýsan Bank, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Ұлттық банк әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын, сырты ашылған ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылатынын ескертеді. Қорғаныш орауы да құйма сапасының сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау қажет. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу Бағдарламасын 2017 жылы іске қосты. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,1 т құрайтын 30 855 өлшеуіш құйма сатылды.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif