nedvijimost-v-krizis.png

48 просмотров

Елорда мектептеріне жаңа оқулықтар берілді

Қалаға 750 тонна оқулық әкелінді

Фото: Shutterstock

Елордалық білім басқармасы мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорда мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық жалғасуда. Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуде.

  «Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 19 баспаның оқулықтары бар. Осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес оқулықтар алады. Бүгінгі таңда 35 мектеп кітап алды», - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева. 

Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады. Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 КамАЗ-бен 750 тонна оқулық әкелінген. Оқулықтар мектептерге бөлінуде. Оқу құралын уақтылы жеткізуді мониторинг тобы қадағалайды. 

 «Бүгін қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, Қосшы ауылындағы мектепке барып, оқулықтарды 1-11 сыныптарға тараттық. Атап айтқанда, оқулықтардың № 54 мектеп-лицейге жіберілуін қадағаладық. Біз бұл үдерісті толық бақылаймыз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева. 

Қазақстанда алдағы оқу жылын еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту жоспарланған. Осыған байланысты білім басқармасына және оқу орындарының директорларына мектептердің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif