nedvijimost-v-krizis.png

26 просмотров

Қ. Надыров қандай жағдайда компьютерлік томографиядан өту қажеттігін айтты

Бұл вирустық пневмонияны растау немесе жоққа шығару қажет болған жағдайда керек

Фото: Shutterstock

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-конференция барысында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров тұрғындарды коронавирус белгілері пайда болған кезде сабыр сақтауға шақырып, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның ықтимал асқынулары және қандай жағдайда өкпеге компьютерлік томография жасау қажеттігі туралы айтты.  Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.
 
Камалжан Надыров көптеген азаматтар өздерін коронавирус ауруынан қорғауға тырысатынын және ауру белгілері пайда болған кезде әртүрлі дәрі-дәрмектер қабылдайтынын атап өтті.

 «Коронавирустың белгілері пайда болған кезде ұстанатын алгоритм бар, соған сәйкес сіз алдымен дәрігермен кеңесіп, содан кейін оның ұсыныстарын орындау керек. Қандай да бір дәрі-дәрмектерді олардың әрекеттері мен қарсы көрсетілімдерін білместен сатып алуға және қабылдауға болмайды», — деді Камалжан Надыров.

Камалжан Надыров коронавирус инфекциясы кезінде жиі кездесетін және қауіпті асқынуларының бірі болып табылатын пневмония туралы айтты. Жағдайдың ауырлығын бағалау үшін өкпенің томографиясын дер кезінде жүргізу қажет. Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КТ қызметін ұсынушылардың тізілімін жасады. Қалада осындай 12 жеткізуші бар, КТ қызметін ұсынушылар диагнозы расталған пациенттер мен соған ұқсас белгілері бар науқастар үшін жеке жұмыс кестесін анықтады. Сондай-ақ, үш ай ішінде қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына және жедел медициналық жәрдем ауруханасына КТ аппараттарын жеткізу күтілуде, бұл зерттеуге қол жетімділікті арттырады.

 «Коронавирусты жұқтырған жағдайда, КТ тек бірнеше жағдайда ғана қажет: егер вирустық пневмонияны растау немесе жоққа шығару қажет болса, ауру кезінде асқынуы мүмкін өкпеге әсер ететін басқа ауруды жоққа шығару керек болса. Егер өкпе таза болса, сонымен қатар ауру анық жеңілдетілген сценарий бойынша жүрсе, жұқтырғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде КТ жасаудың қажеттілігі жоқ», — деп толықтырды Камалжан Надыров.

Осылайша, Камалжан Надыров радиациялық сәулеленудің жоғары болуына байланысты дәрігердің тағайындауынсыз КТ-ны жүргізу ұсынысы жасалмайтынын айтты.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif