nedvijimost-v-krizis.png

46 просмотров

Қазақстан пандемия жағдайында мигранттарға көмек көрсетеді

Мигранттар үшін визалар мерзімі ұзартылып және гуманитарлық көмек көрсетіледі

Фото:Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым БҰҰ-ның 90 мүше-мемлекеттің, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамының 300-ге жуық өкілдерінің қатысуымен COVID-19 пандемиясы жағдайында мигранттарды қорғау мәселесі бойынша вебинар өткізді.  Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы хабарлады.

Іс-шараның мақсаты COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайды тұрақтандыру жөнінде әр елдің ,үкіметтері қабылдаған шаралар шеңберінде мигранттарға көмек көрсетуде тәжірибе алмасты.

Онлайн іс-шараны ашу рәсімінде Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Бас директоры Антонио Виторино бұл мәселенің коронавируспен жаһандық күрес аясындағы маңыздылығын атап өтті. Ол пандемия жағдайында бүкіл әлем бойынша адамдардың мобильділік деңгейі күрт төмендегені туралы айтты. Одан әрі Нигерия, Франция, Қазақстан, Зимбабве және Египет өкілдері сөз сөйледі.

Женевадағы ҚР-дың БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова өз сөзінде Қазақстанның мигранттарды қолдауға, оның ішінде төтенше жағдай мен карантин кезінде шетелдіктердің болу ережелерін әзірлеуге, мигранттар үшін визалар мерзімін ұзартуға, оларға гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ 500 қырғыз және жүздеген Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы өткізуді қамтамасыз етуге қабылдаған бірқатар шараларын атап өтті.

Қазақстандық дипломат еліміздің Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан және Тәжікстандағы әріптестерімен 243 мигрантқа транзиттік дәліз ұсыну мәселесінде өзара табысты іс-қимылын атап өтті.
Сөз соңында Ж.Айтжанова Қазақстан мигранттарға әлемде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайда көмек көрсетуді жалғастырады деп мәлімдеді.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif