nedvijimost-v-krizis.png

39 просмотров

Нұр-Сұлтанда ковидпен босанатындар үшін перзентхана ашылады

Коронавирус жұқтырған әйелдер 17 баланы дүниеге әкелді

Фото; Елорда инфо

Елордада коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазірге дейін қаланың инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияға шалдыққан 112 жүкті әйел тіркелді. Оның ішінде стационарларда 78 жүкті әйел бар», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды. «Қазіргі кезде жұмылдырылған стационарлар саны 10-ға жетті. Қосымша провизорлық стационарлардағы орындар саны 300-ден 705-ке дейін жеткізілді. Бүгін жұмыс күні аяқталғанға дейін бөлек перзентханыны немесе COVID-перинаталдық орталықты ашу көзделген. Яғни, осы іс қайта бейіндеу есебінен жүзеге асырылады», - деді Сәуле Қисықова.

 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif