nedvijimost-v-krizis.png

125 просмотров

ТЖ мен карантин кезінде бизнесіне зиян келген кәсіпкерлерге жеңілдік жарияланды

Жаңа бұйрыққа Мәдина Әбілқасымова қол қойды

Фото:Shutterstock

Елімізде Төтенше жағдай мен карантин режимі кезінде бизнесіне зиян келген кәсіпкерлер несие бойынша жеңілдік алатын болды. Қаржы нарығын дамыту және реттеу бойынша агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова жаңа бұйрыққа қол қойып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітті. 


Бұйрықта көрсетілгендей қосымша қолдау шаралары екінші деңгейлі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларға (бұдан әрі – кредиттік ұйымдар) қолданылады. Яғни, ТЖ кезінде қаржылық ахуалы нашарлаған ұйымдар банктік қарызын және микронесиені шегеру немесе қайта қаржыландыру бойынша өтініш бере алады. Өтінішті алған кредиттік ұйым кәсіпкердің қаржылық жағдайын бағалап, ТЖ мен карантин режимі оның бизнесіне қаншалықты әсер еткенін анықтайды. Егер кәсіпкердің қаржылық қиындыққа ұрынғаны расталса, онда оған екі түрлі көмек көрсетіледі. 


Алғашқысы. Кәсіпкерлік субъектілерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында банктік қарызды және микрокредитті жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру. 


Екіншісі. Қаржылық жағдайды және төлем қабілетін қалпына келтіру үшін жеткілікті мерзімге кейінге қалдырылған төлемдерді ұсыну. Кейінге қалдыру уақыты 90 күнтізбелік күннен аспайды. 


Қаржылық жағдайының қиындағанын растайтын құжатпен бірге қайта қаржыландыру немесе кейінге қалдыру туралы өтінішті кәсіпкерлер 2020 жылдың 16 маусымынан 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін бере алады. Өтінішті қарау уақыты өтінішті алған уақыттан бастап 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс. 


Осыған дейін Әбілқасымова басқаратын агенттік қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы сомасы 404,7 миллион доллар көлемінде кейінге шегеру жасалғанын хабарлаған болатын. 16 наурыз бен 15 маусым аралығында 12 450 орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі 164,5 миллиард теңге көлемінде төлемді кейінге қалдыру жеңілдігін алған. Келіп түскен өтініштердің 92 пайызы мақұлданған. 


Пандемия кезінде елімізде негізінен сауда, транспорт, туризм, қоғамдық тамақтандыру саласы және кинотеатр мен қонақүйлер қаржылық қиындыққа көп тап болған.

«Негізінен орта және шағын бизнес көп зардап шекті. Бұл сәуір айындағы статистикадан да анық көрінеді. Сол себепті, аталған салаларға салықтық жеңілдік ұсынылды», - деген болатын ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

 

Ал бірер күн бұрын Дәленов шілде айынан бастап шағын бизнеске 6 пайыздық мөлшерлемемен несие берілетінін хабарлады. 


    «Меніңше, басты мәселе несиеге деген қолжетімділік және несие алу үшін кепіл жеткіліксіздігін реттеу. Сондықтан кешенді жоспар аясында орта және шағын бизнеске кредит беретін жаңа бағыт қарастырылады. Бұл қолдау «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. 6 пайыздық несие екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Нақты мөлшерлеме 6 пайыздан аспауы үшін республикалық бюджеттен субсидия беру көзделген», - деді министр.

 
Министрдің айтуынша, кәсіпкерлер айналым қаражаты үшін 5 миллион теңгеге дейін, ал өндірістік қажеттілік үшін 20 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Ал кепіл жетіспеушілігін 85 пайызға дейін «Даму» қорынан қарыз алу арқылы реттемек. 
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif