nedvijimost-v-krizis.png

Көлік жүргізушілері енді жеке куәлікпен-ақ жүре берулеріне болады

Көлік туралы бүкіл мәлімет полицияның планшетінде болады

Фото;Курсив

Енді қазақстандық жүргізушілер өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті. Себебі көлік иесі туралы қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Бұл туралы Жаңалықтар кз телеграм арнасы жазды 

"Біз жүргізушілердің өзімен бірге құқық белгілеуші құжаттарды алып жүруге міндеттелмейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік қана болса жеткілікті, сол құжат арқылы планшеттен көлік иесіне қатысты мәліметті, ол көлікке қанша сенімхат жазылғаны, сақтандыру құжаты қашан аяқталатыны, техникалық тексеруден қашан өткені және қанша айыппұлы бары туралы көрінеді", - деді министр Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, Тұрғымбаевтың айтуынша, полицейлер қолданатын планшеттер көшелерде орнатылған видеокамераламен байланыста болады.

Министр мұндай жүйенің Еуропаның бірнеше елінде бар екенін айтады.

"Бұл тек Қазақстан аумағында іске асатын норма, басқа мемлекетке барған кезде, әрине, құқық белгілеуші құжаттар болуы керек", - деді министр.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif