68 просмотров

Елдегі медициналық-әлеуметтік мекемелер жаппай тексеріледі

4 баланың қайтыс болуы себеп болған

Фото;gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) 113 медициналық және әлеуметтік мекеменің қызметіне жан-жақты талдау жасауға кірісті. Жоспардан тыс тексеруге Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 4 тәрбиеленушісінің көз жұмуы себеп болды, - деп хабарлайды gov.kz ақпараттық ресурсы 

Ең алдымен, Еңбекмині мамандары тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, сондай-ақ жүйке жүйесі аурулары бар балаларға арналған орталықтардың қызметіне талдау жасайды.

Тексеру барысында медициналық және әлеуметтік қызметтерді көрсетуге және тәрбиеленушілердің мекемеде болуына қойылатын барлық талаптар назарға алынады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедек балаларға арналған 20 мемлекеттік оңалту орталығы жұмыс істейді, онда 1,8 мыңнан астам балалар тұрады.

Кешенді талдау 113 медициналық және әлеуметтік мекеменің барлығында жүргізіледі, оның ішінде:

- тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 178 адам қамтылған;

- психологиялық патологиясы бар балаларға 16 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 1 708 адам;

- жалпы санаттағы қарттар мен мүгедектер үшін 45 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 8 364 адам;

- 14 160 адам қамтылған 48 әлеуметтік қызметтердің психоневрологиялық орталығы.

Жалпы, 24 мыңнан астам адам әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұрады. Бұл мекемелер жергілікті атқарушы органдардың қарамағында.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында, Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 4 бала қайтыс болды. Аталған жерде ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері кіреді.
 

banner_wsj.gif

44 просмотра

Қазақстанда 5 шілдеден екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін біршама шектеулер қойылады

Фото: Аскар Ахметуллин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндама жасаған.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

 

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау:

-ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg