nedvijimost-v-krizis.png

316 просмотров

«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады ?

Азаматтар санаттарға бөлінбей, нақты табыстарына қарай іріктеледі

Фото:primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Биылғы 11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында тұрғын үй құрылысындағы мәселелерді шешуге қатысты тапсырма берілді. Атап айтқанда, ұлттық даму институтын және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі орталық – «Отбасы банкін» құру.     

«Оның басты идеясы мынада: меншігінде баспанасы жоқ әрбір қазақстандық осы орталыққа хабарласып, өзінің табысына қарай қолжетімді баспана алуға мүмкіндік алады», - деді Б. Атамқұлов.    

Азаматтар санаттарға бөлінбей, нақты табыстарына қарай іріктеледі.  

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері  ең төменгі күнкөріс көлеміне (31,2 мың тг) дейінгі азаматтар жалға берілетін тұрғын үй алады.    

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі азаматтар «Бақытты отбасы», «2-10-20» секілді бағдарламалар бойынша 2% мөлшерлемемен баспана ала алады.    

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (96,7 мың теңге) тұрғындар жаңа «5-10-20» бағдарламасымен баспана алады.

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлемінен жоғары азаматтар екінші деңгейлі банктердің «7-20-25», нарықтық ипотека бағдарламаларына қатыса алады.  
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif