nedvijimost-v-krizis.png

82 просмотра

Діни мазмұндағы әдебиетті таратқандар ұсталды

Оларға 120 мың теңге айыппұл салынды

Фото:Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында дін саласы бойынша бес әкімшілік заң бұзушылық анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Басым бөлігі СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен әлеуметтік желілерді және басқа да интернет-ресурстарды тексеру кезінде анықталды.

 “Діни мазмұндағы басылымдарды сатуға жеке рұқсаты бар заңды түрде кітап сататын орындар сата алады. Бұған қарамастан, аталған әдебиетті интернет-ресурстар арқылы сату фактілері де кездеседі. Діни мақсаттағы заттарды әкелгені немесе таратқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 490-бабымен жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш көзделген”, – деді СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Мұхамбетжанов. 

Мамлютка қаласының 31 жастағы тұрғыны “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы діни мазмұндағы аудио және бейне файлдарды таратқан. Аталған фактіні полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 120 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif