nedvijimost-v-krizis.png

86 просмотров

Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді

1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты

фото: kursiv.kz

Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім етті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.


«Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді», - деді президент. 


Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. 


«Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады. Саябақтар ашылады. Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды», - деді Тоқаев.


Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Дегенмен, мемлекет басшысы жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болатынын атап өтті.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif