57 просмотров

Зейнетақы қорындағы жинағыңыз азайған жоқ

Зейнетақы активтерінің табысы 11,87%-ды құрады

Фото: Kursiv.kz

Зейнетақы қорындағы жинағыңыз азайған жоқ, - деп «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Жанат Құрманов онлайн брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің  баспасөз қызметі хабарлады. 

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісіне байланысты өткен жиында спикер тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.



«Соңғы уақытта әлемдік қаржы нарығында әлемді жайлаған қауіпті індет пен мұнай бағасының өзгеруіне байланысты бірқатар жағымсыз оқиғалар орын алды. Бұл ретте тұрғындар "зейнетақы қорындағы жинақтарымыз азайып кете ме?" деген сұрақтарды жиі қояды. Біздің айтпағымыз, алаңдауға еш негіз жоқ. Зейнетақы қорындағы жинақтар тұрақты әрі ол оң инвестициялық табыстылыққа ие», - деді Жанат Құрманов.


Спикердің айтуынша, зейнетақы жинақтарына есептелетін таза инвестициялық табыс тұрақты түрде өсіп келеді. Осылайша 2020 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялық табыс 661,7 млрд тг болды. 2020 жылдың 1 сәуіріне зейнетақы активтері 11,7 трлн тг құрап, 8%-ға өсті.


«Алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет салымшы зейнетке шыққан кезде зейнетақы жинақтары азайып қалса оны өтеп береді. Бірақ бұл шара жинақталған инфиляция деңгейі, инвестициялаудың барлық жылдарында алынған табыстан асып кеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады», -деді Құрманов.



Жалпы 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың наурызына дейінгі соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің табысы 11,87%-ды құрады. Ал инфляция 6,4% болды. Осылайша табыстылық инфляциядан 5,5%-ға асып түсті.

banner_wsj.gif

45 просмотров

Қазақстанда 5 шілдеден екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін біршама шектеулер қойылады

Фото: Аскар Ахметуллин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндама жасаған.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

 

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау:

-ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg