44 просмотра

Мемлекеттік комиссия Алматыда кәсіпорындарды іске қосты

Жұмыспен қамтылғандар саны 142,2 мың адам

Фото: Shutterstock.com

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматыда ІІ кезең аясында Экономика кәсіпорындарын іске қосуды мақұлдады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осылайша, қалада 27 сәуірден бастап көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары кәсіпорындарының, сондай-ақ қала экономикасының басқа салаларындағы ұйымдардың жұмысы толық жаңартылды.

Мәселен, ішінара шектеулер алынып тасталады және қаржы секторынан – компания қызметкерлерінің жалпы санының 50%-на дейін жұмысқа шыға алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, сондай-ақ ломбардтар-бұл ретте, кәсіпорындар клиенттердің қабылдануынсыз уәкілетті органда есептік тіркеуден өтуге байланысты қызмет бөлігінде ғана. Айырбастау пункттерінің жұмысы бойынша шектеулер әлі алынбаған.

Бұл консалтингтік, аудиторлық, бухгалтерлік, заңгерлік және рекрутингтік қызметтер.

Қызмет етуіне рұқсат етілген аталған салалардың барлық кәсіпорындарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды міндетті сақтау талаптары қойылатын болады. Кездейсоқ тексеріс барысында талаптартардың орындалмағаны анықталса, әкімшілік шаралар қолданылады, тіпті нысандардың жабылуы да мүмкін. Сәйкес салалар бойынша ұйымдар қызметінің жаңартылуы және олардың қызметкерлерінің қалада жүріп-тұруына рұқсат алу infoalmaty.kz. базасына мәліметтерді енгізгеннен кейін мүмкін болады.

Өтініштерді қабылдау 27сәуірі сағат 20.00-ден бастап іске қосылды. Ағымдағы жылдың 27 сәуірі сағат 23.59 дейін берілген өтініштер 28 сәуірі сағат 09.00-ге дейін Алматы бойынша Полиция департаментінің мәліметтер базасына енгізіледі. Егер өтініштер 27 сәуірге дейін берілмеген жағдайда оны кез келген басқа бір күні сайтта толтыруға болады.Бұл жағдайда өтініштер берілген күннен кейінгі келесі күні қаралады.

Қызмет көрсету саласында, кәсіпорындарды іске қосудың екінші кезеңі аясында ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу, сондай-ақ автосалондардың жұмысы да жаңартылуда, бірақ тек қана тұтынушыларға көлік сатпай техникалық қызмет көрсетуге рұқсат етілген. Алайда автосалондар мен көлік жуу орындары келушілерді алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.

Бұдан басқа, қалада ұйымдастыру техникасын жөндеу кәсіпорындары, жарнама агенттіктері, дүкендер, оның ішінде сервистік орталықтар, ауыл шаруашылығы техникасы мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді сататын, сондай-ақ тағамдық емес тауарларды үйге жеткізуді жүзеге асыратын компаниялар қайта жұмыс істей бастайды.

Өз кезегінде бұл салалардың іске қосылуы  (ТҚКО, дөңгелек жөндеу, автокөлік жуу орындары, автосалондар, ұйымдастырушы және тұрмыстық техникаларды жөндеу кәсіпорындары, жарнама агенттіктері, дүкендер, сонымен бірге, ауылшаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер сататын  қызметтік орталықтар, тағамдық емес тауарларды үйге жеткізумен айналысатын компаниялар) жұмыс комиссиясы жүргізген аудиттің  Алматы қаласының бас санитар дәрігердің  бұйрығымен бекітілген барлық талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана мүмкін болады. Әрбір нысан бойынша шешімді жұмыс тобы жеке тәртіп бойынша қабылдайды. Талаптар орындалмаған жағдайда нысандардың жабылуына дейін әкеліп соғатын  әкімшілік шаралар қолданылады. 

Кәсіпорындардың жұмысын жандандыру және аудит жүргізу мәселелері бойынша "жедел" желінің телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 775-882-52-00, 8 775-882-53-92.

Белгілі болғандай, қаланың өнеркәсіп және құрылыс саласындағы кәсіпорындарын кезең-кезеңмен іске қосу Мемлекеттік комиссияның шешімі аясында аудит жүргізілгеннен кейін 20 сәуірден бастап жүргізіледі. Бүгінгі таңда 394 өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарына, сондай-ақ жобалау ұйымдарына аудит жүргізілді. Олардың 306-сы мақұлданып, өз жұмысын қайта бастады. Бұл өнеркәсіптік, құрылыс және жобалау компаниялары. Қалған 88 ұйым жұмыс комиссиясының ескертулерін жояды.

Нәтижесінде, жалпы осы секторларда нотариаттық агенттіктер мен ХҚКО қызметкерлерін қоса алғанда, 39,1 мыңға жуық адам жұмысқа шықты.

Жалпы, Алматыда бірінші және екінші кезең шеңберінде жұмыспен қамтылғандар саны 142,2 мың адамды құрайды.
 

banner_wsj.gif

44 просмотра

Қазақстанда 5 шілдеден екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін біршама шектеулер қойылады

Фото: Аскар Ахметуллин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндама жасаған.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

 

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау:

-ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg