nedvijimost-v-krizis.png

109 просмотров

А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды

Ол 9 аса азық-түлік тауарларының бағасын бекітті

фото: kursiv.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz cайты хабарлайды. 


Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады.

Баяндамаларда Қазақстанда түрлі азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар екені айтылды. Қор үнемі толтырылып отырады, сондықтан олардың тапшылығы болмайды.


Отырыста Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, белгілі бір тауар түрлерінің туындауы мүмкін тапшылығына дер кезінде әрекет ету үшін азық-түлік қорына, оның өндірісінің теңгеріміне және өңіраралық тасымалына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды. 


"Біз 9 аса әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын бекіттік. Бағаны ұстап тұрудың тиісті тетігі бар. Дегенмен, бірқатар өңірлерде бірден кейбір азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өсуі байқалып отыр. Әкімдіктерге мұндай фактілерге жол бермеуді және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсырамын ", - деді А. Мамин. 


Премьер-Министр өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түліктің қажетті қорын қамтамасыз етуді тапсырды. 
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif