nedvijimost-v-krizis.png

159 просмотров

42 500 теңге әлеуметтік төлем кімдерге берілмеді?

2,15 млн адам түрлі себептерге байланысты төлем ала алмады

Фото: Shutterstock.com

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 127 млрд-тан астам теңге сомасына 3 млн-нан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтімнің 2,15 млн-ына немесе 37%-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

1.    Өтінім берушінің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген (157 мыңға жуық өтінім);
2.     Банк реквизиттері дұрыс көрсетілмеген (80 мыңға жуық өтінім);
3.    Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
4.     Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген (863 мыңға жуық өтінім);
5.    Өтінім берушіде ТЖ режимі енгізгенге дейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жасалмаған немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген (1,16 млн-ға жуық өтінім);
6.     Өтінім қайтыс болған адамның немесе ҚР-дан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген (534-ке жуық өтінім).

 «42 500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заңнамаға сәйкес қайта тексерілетінін мәлімдейміз.
Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:


Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ 
БСН: 160440007161
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ67009SS00368609110
ТТК: 049

 

Халық банк пен Kaspi Bank-те шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің мобильді қосымшасы арқылы қайтара алады.


 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif