nedvijimost-v-krizis.png

118 просмотров

«Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды

Коронавирус жұқтырған бір адам әлі ауруханада емделіп жатыр

Фото: Shutterstock.com

Қарасай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 


Еске салсақ, облыстағы 3-ші сырқат 1995 жылы туған, жүктіліктің 21-22 аптасындағы әйел «Асыл Арман» ТК тұрғыны болатын. Кейін осы тұрғын үй кешенінде тұратын 1957 жылы туған тағы бір әйелдің ауырғаны анықталған еді.

Осыған байланысты коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 1 сәуірден бастап карантин енгізілген. Сол уақыттан бері тұрғын үй кешені аумағында медицина қызметкерлерімен және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет етті. 


Бүгінгі күні тұрғын үй кешенінің тұрғыны, 1995 жылы туған әйел қайталай анализ алынғаннан кейін ауруханадан шығарылды, ал 1957 жылы туған тұрғын ем қабылдап жатыр. 


Науқаспен байланыста 23 адам болғаны анықталды. Олардан вирусологиялық анализ алынған, сараптама қорытындысы теріс болып шықты.


 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif