nedvijimost-v-krizis.png

117 просмотров

Такси жүргізушілері жолаушыларды қаладан заңсыз шығарған

“Транзиттік бизнестің” барлық қатысушылары ұсталды

Фото:kursiv.kz

Алматы полициясы такси жүргізушілерінің жолаушыларды карантин аймағынан заңсыз шығарып жүрген схемаларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Бұл бастамашыл топта: Алматы және Алматы облысының шекарасында орналасқан екі жеке үйдің таксистері мен тұрғындары болды. Ер адамдар азаматтарды қаладан облысқа және кері қарай тасымалдау схемасын жасады. 

 “Ол қалай әрекет етті? Такси жүргізушілерінің бірі шартты түрде қаладан клиент алып, оны Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында орналасқан жеке үйге алып барады. Клиент одан әрі жаяу жүріп, ауладан өтеді, содан кейін жалпы қақпадан Алматы облысының Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан тағы бір жеке ғимараттың ауласына кіреді. Жолаушыны қақпаның ар жағында тағы бір такси жүргізушісі күтіп тұрды және ол клиентті діттеген жеріне жеткізді. Мысалы, жүргізушілердің қызметі Талғарға, 8 мың теңгеден жоғары. Ал екі көршінің өз арасында келісімі бар. Бір адамның бір бағытта өтуі үшін олардың әрқайсысы 3 мың теңгеден алып отырған”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков

 “Транзиттік бизнестің” барлық қатысушылары ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне заңға сәйкес шаралар міндетті түрде қабылданғаннан кейін жауапқа тартылады.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif