nedvijimost-v-krizis.png

116 просмотров

Браконьерлер мемлекетке 2,5 млн  астам шығын келтірді 

Сол себепті “Биоресурстарды қорғау” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Фото:Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері браконьерлер мемлекетке 2,5 млн. астам шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

1-15 сәуір аралығында “Биоресурстарды қорғау” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер аңшылық және орман шаруашылығы қорықшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондай-ақ, іс-шараға шекара қызметкерлері де тартылды. 

Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта, облыс аумағында аң аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Дегенмен, жедел-профилактикалық іс-шарасы  басталғаннан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 383-бабы бойынша 10 адам әкімшілік жауапқа тартылған. 

Аңға шыққандардың кейбіреуі қарумен, енді бірі тұзақпен орманға бет алған.

   “Су қоймаларының жағасында уақыт өткізгенді ұнататындар рұқсат қағазсыз балық аулағаны үшін жауапқа тартылады”, – дейді СҚО ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының басшысы Асхат Қожабаев. 

Экологиялық қылмыс фактісі бойынша 9  іс қозғалды. Күдіктілерден 9 атыс қаруы мен 5 суық қару, 35 патрон тәркіленді. Браконьерлердің жалпы келтірген шығыны 2 млн. теңгеден асады. 


 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif