nedvijimost-v-krizis.png

176 просмотров

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Ауру жұқтырғандардың саны 802 дейін өсті

Фото: Офелия Жакаева

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1956 жылы дүниеге келген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Қазақстанда коронавирустан 60 адам емделіп, көз жұмғандар саны 9-ға жетті.

Бейсенбі күні кешке Павлодар облысында 1936 жылы туылған науқастың қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 8 сәуірде пневмониямен ауруханаға түскен. Келесі күні оның анализінен COVID-19 оң нәтиже көрсеткен.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 45 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 104 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам. 

Жалпы 802 науқас тіркелді.

 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif