nedvijimost-v-krizis.png

178 просмотров

Н.Назарбаев: Ертең Қазақстан халқына үндеу жасаған мақаласын жариялайды

Сондай-ақ, ол карантиннің маңызды тұстарын атап өтті

Фото: elbasy.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды Kursiv.kz.


Сонымен қатар, Н.Назарбаев әлемдегі экономикалық ахуал күрделі. Бірақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің көрсеткіштері жаман емес. Алайда карантиннің салдары экономикалық көрсеткіштерге әлі толық әсер ете қоймағанын ескеруіміз керек деген болатын. 

 
«Осы орайда шағын және орта бизнесті қолдау, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Қазір дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластырғанымыз жөн. Экономика төмендеп, 2008 жылғы дағдарыстың салдарынан да ауыр болуы мүмкін, - деді Елбасы elbasy.kz сайтында.


Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті ертең, 8 сәуірде мақала жарияламақ. 

«Біз бұдан да зор сынақтарды өткергенбіз. Бұл ауыртпалықты да еңсереміз. Ең бастысы – ел бірлігі мен сабырлығы. Менің ойымша Үкімет тиімді жұмыс атқарып жатыр. Ертең менің Қазақстан халқына үндеу жасаған мақалам жарияланады. Қазір бүкіл әлем қиын күй кешуде. Дерттің таралу қаупі әлі сейілмей тұр. Сондықтан баршамыз бір-бірімізге деген сыйластықты сақтай отырып, табандылық пен төзімділік танытуымыз керек», - деді Н.Назарбаев.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif