nedvijimost-v-krizis.png

233 просмотра

Қарағанды облысында 65 жастан асқан адамдардың көшеге  шығуына шектеу қойылды

Облыс орталығында карантинді енгізуге әлі негіз жоқ

Фото: Shutterstock

Індеттің таралуына байланысты Қарағанды облысының билігі қарт адамдарды үйлерінен шығуға шектеу қойды,- деп хабарлайды Kursiv.kz.

  «Біз 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүруін шектеу туралы шешім қабылдадық. 28 наурыздан бастап барлық сауда орталықтары жабылады. Тамақ өнімдерін сататын нысандар әдеттегідей жұмыс істейді. Азық-түлікке жатпайтын сауда-саттық базарлар толық жабылады», - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, аймақтағы азық-түлік жағдайы қалыпты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толтыру үшін облыстық бюджеттен қосымша 1 миллиард теңге бөлінді.
Сонымен бірге, облыс орталығында әлі де карантин енгізуге негіз жоқ екенің аймақ басшысының баспасөз қызметі нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда коронавирустың төрт жағдайы тіркелген болатын. Барлық науқастар 18 наурызда Минск-Нұрсұлтан рейсімен келіп, қонған сәттен бастап карантинде болды. Қалған жолаушыларда коронавирус белгілері болмаған. 
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif