Перейти к основному содержанию
156 просмотров

Қауіпті рейспен ұшып келген жолаушылар карантинге жабылды

Коронавирус жұқтырған әйелмен бірге Нұр-Сұлтанның 84 тұрғыны ұшып келген

Фото: Shutterstock

Коронавирус жұқтырған әйелмен бірге ұшып келген адамдар карантинге жатқызылды. Ұшақ Миланнан Мәскеу арқылы Нұр-Сұлтанға қонған. Бортта 84 қазақстандық болған, оның 20-сы стационарға жеткізілді. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова мәлім етті. 


«Ұшақ бортының ішінде 90 жолаушы болған. Олардың 84-і Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Қазір телефон шалып, байланыс орнатып жатырмыз. Кейін зертханалық сынама алынып, ауруханаға жатқызамыз», - деді ол.


Ол 12 наурызда Милан - Мәскеу - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген. Бүгінде науқас әйел «Нұр-Сұлтандағы» көпсалалы медициналық орталықта ем қабылдап жатыр. 


«Осы елден (Италия) келген адамдар 14 күнге оқшауланады. Осыған байланысты бұл азаматша жедел түрде әуе кемесінен біздің ауруханаға жеткізілді», - деді Қисықова.


Науқастан алынған биоматериалдар Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жіберілді. Әйелден коронавирус індеті анықталды.

 
«Қазіргі уақытта науқас біздің ауруханада жатыр, шағым айтып жатқан жоқ. Бірақ, қолымызға зертханалық растама берілгеннен кейін емдеу шараларын бастап кеттік. Ол желдеткіші бар бір бөлмеде жатыр », - деді.


Оның айтуынша, 84 адаммен хабарласып, байланыс орнатылған екен.


«Олардың ішінде Ресей азаматтары да бар. Тіпті, кейбіреулері қайтатын билеттерін де сатып алып қойған. Бірақ біз бәрін оқшаулаймыз. Осы уақытқа дейін 20 шақты адамды ауруханаға жатқыздық», - деді Қисықова.


Бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус ауруы шыққан жағдайда 200 кереуеттік арнайы аурухана бар екенін айтқан болатын.
 

banner_wsj.gif

Тоқаев: "Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмеді"

Президент қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Фото: Асқар Ахметтулин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға тағы да шақырды. Президент коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін тілге тиек етті. 

Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отыр. 

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады», - деп жаз мемлекет басшысы.

 

Осы орайда Президент қазақстандықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды:

 

«Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын».

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус індетінен 4 адам көз жұмды. Атырау және Қорағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қайтыс болды. 

3 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, өсім 2,3% құрап, ел бойынша 12067 адам коронавирус жұқтырған. Соның ішінде 6240 пациент аурудан емделіп шыққан. Бір тәуліктің ішінде 267  адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png