367 просмотров
367 просмотров

Арменияда экс-президенттің дүние-мүлкіне тыйым салынды

Серж Саргсянға қомақты қаржы жымқырды деген айып тағылған

Фото: Shutterstock

Арменияда ірі көлемдегі қаржы жымқыру және ысырап ету туралы қылмыстық іс шеңберінде елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянның мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 

Арменияның арнайы тергеу қызметі журналистерге «аталмыш іс бойынша келтірілген шығын көлемінде айыпталушылардың дүние-мүлкіне тыйым салынғанын» айтқан. 

Айта кетейік, Арменияның арнайы тергеу қызметі Саргсянға аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып таққан еді. Экс-президенттен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.Тергеу қызметінің дерегі бойынша, 2013 жылдың 25-қаңтары мен 7-ақпан аралығында, Саргсян Армения президенті болып тұрған шағында бір топ кісімен бірлесе отырып, 489 160 310 драм  (шамамен, 1 млн доллар) көлемінде қаржы жымқыруды ұйымдастырған. 

Іс материалдары бойынша, фермерлерді қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға 17 мың литр жанар-жағармай жеткізілуі тиіс-тұғын. Осы мақсатта Саргсянның нұсқауы бойынша, жеткізуші ретінде «Флеш» компаниясы таңдалады. Бұл компания тағы бір «Максур» деген жеткізушіге қарағанда, әлдеқайда жоғары баға ұсынған. 

Серж Саргсян адвокаттарының экс-президентке тағылған айыпты алып тастау туралы сұранысы оның құқықтың мәртебесіне қарамастан, қанағаттандырылмады. 

«Серж Саргсян қорғаушыларының өтінішхаты қараусыз қалдырылды. Тағылған айып оның қызметтік міндеттерімен байланысты емес, сондықтан бұл жерде констициямен кепілдендірілген «жеке басына қол сұқпау» құқығы жүрмейді», – деп түсіндіріп өтті Армения прокуратурасы. 

Ал экс-президент өзін кінәлі санамайды. 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

rgo