ШОБ-ты мемлекеттік қолдауға 421 млрд теңге бағытталады

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Қаржыландыру көлемі бір жарым есе артпақ

2020-2024 жылдары аралығында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға 421 млрд теңге бағытталады, деп хабарлады ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

«Бағдарламаның келесі кезеңіне 421 млрд теңге қарастылған. Өткен бес жылмен салыстырғанда, қаржыландыру 1,5 есе артады», – деді ол 6-қарашада үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың және жобаның 2025 жылға дейінгі аралық нәтижелерін таныстыру барысында.

Дәленов жаңа бағдарлама бойынша бизнестің бір субьектісін қаржыландыру сомасы 60-тан 360 млн теңгеге дейін артатынын атап өтті. Бұдан бөлек, қаржыландыру қолжетімді болу үшін, шағын қаржы ұйымдарын субсидиялау мен олардың несиелендіруін кепілдендіру енгізілмек. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу және салық төлеу бойынша кәсіпкерлеге қойылатын талаптар күшейтілмек.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдаламасын орындау нәтижесінде, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 35%-дан кем емес деңгейге, өнекәсіптік өндірісте – 13,4%-ға  жету керек.

Сондай-ақ оқыңыз