Қырғызстан мен Грузияның кәсіпкерлері қазақстандық жобаларға қатысады

Опубликовано
Қазақстандық кәсіпкерлер де осы елдерде сондай мүмкіндіктерге ие болады

Нұр-Сұлтан қаласында Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстанның МЖӘ орталықтарының басшылары «Өзара іс-қимыл туралы» Меморандумға қол қою рәсімі өтті

Ел астанасында  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласының (МЖӘ) алғашқы инвестициялық форумы басталды. Іс-шараны қазақстандық жобаларға инвестиция тарту  мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің  өзекті мәселелерін талқылау  мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ ұйымдастырды

Форумның ашылуына ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысып, экономикалық өсім үшін  мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың маңызын атап өтті. 

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дегеніміз – инвестиция, ал инвестиция ЖІӨ-нің өсіміне ықпал етеді. Яғни, МЖӘ  – экономикалық өсімнің тиімді, инновациялық құралы»,– деді Руслан Дәленов. 

Форум барысында Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстанның МЖӘ орталықтарының басшылары «Өзара іс-қимыл туралы» Меморандумға қол қойды.

Жаңа құжат қазақстандық кәсіпкерлерге осы елдердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Көрші елдердің кәсіпкерлері үшін де дәл осындай мүмкіндік пайда болады. Ал мемлекеттік органдар МЖӘ құралдарының қатарын көбейту мен салалық заңнаманы жетілдіру бойынша өзара тәжірибе алмасып, байланыс орнатады. 
 

Читайте также