Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


352 просмотра

Өзбекстанмен шекарада тағы бір «Қорғасты» салғаннан не ұтамыз, не жоғалтамыз?

«Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының барлық артықшылығы мен кемшілігін «Курсив» зерттеп көрді

Фото: Shutterstock

Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық сауда-саттық пен өзара сауда айналымы бірнеше есе өседі деп күтілуде. Дегенмен, сонымен бірге қазақстандық өндірушілердің мүддесіне нұқсан келеді деген қауіп те бар.
 
Айта кетейік, «Орталық Азия»  халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру туралы келісімге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәуірдегі Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген еді. Қос мемлекет басшылары қойған мақсат –2020 жылға дейін тауар айналымын 5 млрд долларға дейін жеткізу үшін аймақтық және шекара маңы ынтымақтастық мүмкіндігін толық пайдалану. ҚР Ұлттық экономика министрлігі осы себепті шекара маңы халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру дер кезінде қолға алынған шаруа деп есептейді. 

«Курсивтің» сауалдарына Ұлттық экономика министрлігі баспасөз-қызметі берген жауапта оған бірнеше фактор әсер ететіні жазылған: екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен Орталық Азиядағы сауда-саттық саласында көшбасшыға айналуы, аймақтағы ең ірі нарықты иеленуі, ірі  агломерациялар – Шымкент  пен Ташкенттің  қатар орналасуы. Оған қоса, бұл аймақта инфрақұрылым да жақсы дамыған, «Сарыағаш» темір жол стансасы да, халықаралық «Жібек жолы» өткізу пункті де, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  автобаны да жақын жатыр.                   
                                          
Сондай-ақ, министрлік аймақтың халықаралық сауда-саттықты арттыру әлеуеті жоғары екенін де атап өтті.  Ол Орта және Оңтүстік Азия нарығын Еуропа, Орал, Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарымен байланыстыратын, қарқынды дамып келе жатқан «Солтүстік-Оңтүстік» көлік-транзит дәлізінің негізгі элементтерінің бірі болмақ. 

Жоспарда не бар?

Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының басты  міндеті – заманауи бақылау пунктін құру, көтерме және бөлшек сауда нысандарын салу және айналасындағы инфрақұрылымды дамытып, көлік-логистикалық орталық құру.  

ХСЭЫО құру тұжырымдамасын Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен ведомствоаралық жұмыс тобы әзірлейді. Сондай-ақ жобаның жол картасын да солар жасайды.

2019 жыл  – дайындық жылы болмақ. Өзбекстандық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, халықаралық сауда орталығы 2025 жылға дейін өз жұмысын бастайды. Жоба құны екі жақтың бірлескен жұмыс тобында талқыланатын болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі атап өткендей, шығынның 90 пайыздан астамы бюджеттен тыс көздерден, яғни, жеке қаражат пен шетелден тікелей инвестиция ретінде тартылмақ.  Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі де қолданылады. Бюджет қаражаты инженерлік  инфрақұрылым салу үшін ғана бөлінеді деп жоспарлануда. 

Бұл орталық не береді?

Ұлттық экономика министрлігі ХСЭЫО ең алдымен Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралас аудандарында халықаралық сауданың, өндіріс пен логистиканың заманауи инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды. Бұл екі ел кәсіпкерлеріне сауда операцияларын тез және ыңғайлы жүргізу, бірлескен кәсіпорын құру, пайдалы және қауіпсіз көлік-логистикалық операцияларды жүргізу мүмкіндігін береді.

Екіншіден, ХСЭЫО нысандарын салу мен оны пайдалану барысында 10 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
Үшіншіден, трансшекаралық және транзиттік сауда көлеңкеден шығып, екі елдің де жергілікті және республикалық бюджеттеріне салық түсімі артатын болады. 

Төртіншіден, мұндай сауда форматы екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайту үшін бірлескен кәсіпорын құру, өзара инвестиция тарту, көрме, жәрмеңке, бизнес-форум өткізу және басқа да іс-шараларды өткізу арқылы  екі мемлекет арасындағы аймақаралық бизнес ынтымақтастығын ынталандырады.

Бесіншіден, мұндай орталықты құру екі мемлекеттің Орталық Азияның Жібек жолы бойындағы қалаларында халықаралық туризмді одан әрі дамытуыға мүмкіндік береді.

Жергілікті кәсіпкерлер шығынға батып отыр 

Халықаралық сауда-экономикалық орталық құрудың игілігін ең әуелі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының экономикасы сезінуі тиіс. Бұл аймаққа Өзбекстанмен арадағы жалпы сауда көлемінің үштен бір бөлігі тиесілі. Шекара маңы сауда орталығы құрылған соң, ол арқылы өтетін тауарлардың, әсіресе азық-түліктің бағасы төмендеуі керек. Алайда бұл тұтынушыға тиімді болғанымен, жергілікті кәсіпкерлерге өте қиын тиюі мүмкін. 

Оңтүстіктің кәсіпкерлері мен «Атамекен» ҰКП  аймақтық  өкілдері шекараны ашқаннан кейін өзара тауар айналымының қарқынды өсуі нәтижесінде қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмендейтіні туралы бірнеше рет мәлімдеген еді. Атап айтқанда, бұған дейін  «Курсив» жазғандай, Өзбекстаннан арзан өнімдердің кіруіне байланысты, Түркістан облысында жабық жылыжайда қияр-қызанақ егу өте тиімсіз шаруаға айналып барады.
 
Көрші елдің көкөніс өсіруге климаты қолайлы және  коммуналық қызмет  бағасы арзан болғандықтан, өзбектің қияр-қызанағының өзіндік құны Қазақстанның оңтүстігінде өсірілген көкөністен екі есе төмен болады. Түркістан облыстық жылыжай қауымдастығының есебі бойынша, облыстағы жылыжайда өскен қияр-қызанақтың 1 келісі 140-150 теңге тұрса, Өзбекстандікі – 70-75 теңге шамасында. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, біраз жылыжайлар экспортқа шығарылатын өнім көлемін азайтса, өзгелері оны өзіндік құнынан төмен бағада сата бастаған. Кейбірі тіпті жабылып қалған. 

Пікір екіге жарылды 

Түркістан облыстық жылыжай қауымдастығының төрағасы Мырзахмет Снабаев «Курсивтің» халықаралық сауда орталығының ашылуы қазақстандық өндірушілердің жағдайын қиындата түседі деген болжамын растап отыр. Оның айтуынша, орталық жұмыс істей бастағанда бірден болмаса да, бірте-бірте айналым көлемі артқан сайын, фермерлердің жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Спикер бұл жағдайдан құны өте қымбат газға субсидия бөлу немесе отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау арқылы шығуға болады деп пайымдайды. Сонымен қатар, жеміс пен көкөніс піскен кезде Өзбекстаннан кіретін шетелдік тауарларға уақытша шектеу шарасын қолдануға болады. 

Түркістан облысының шекараға жақын ауданында көкөніс өсірумен айналысатын шаруа да осыны айтады: 

«Бұл жағдайдан зардап шеккенімізге бірнеше жылдың жүзі болды. Біздің тірлігіміз карта ойыны секілді: ертең не болатынын білмейсің. Мәселен, бүгін орамжапырақ өсіріп отырсаң, күн сәл жылына сала базарға өзбектікі шығып кеткен, сондықтан бізге өзіміз күткен табыс түспейді. Былтыр орамжапырақтарымыз түгел түбірінде тұрып-ақ шіріп кетті, бір келі де сата алмадық. Шекара маңы сауда орталығы ашылған соң жағдай бұдан да қиындай түсе ме деп қауіптенеміз. Әрине, халыққа тауардың арзандағаны тиімді екенін түсінемін. Бірақ біз, фермерлер, көршімізбен бәсекеге түсе алмаймыз. Біз үшін ең дұрысы – шекараның жабық болғаны», – дейді шаруа. 

Ал «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициалық орталығының кеңесшісі, инвестиция және экспорт сарапшысы Нұрбек Ачилов, керісінше, еркін сауда аймағының ауқымын кеңейту керек деп санайды. 

«Екі мемлекет арасындағы шекарада еркін сауда аймағын құрудың артықшылығы көп болса да, шектеулері де көп, – деді ол өз сөзінде.– Бұл сауда алаңдары мен инфрақұрылым құрылысына қомақты қазына қаржысын бөлу, осы аймақтардағы сауда-саттыққа бюрократиялық кедергілердің құрылуы, азаматтардың шекарадан өткенде түрлі кедергілерге кезігу және т.б.  Өзім Орталық Азияда біртұтас экономика қалыптасқанын қолдаймын, алдағы уақытта Орталық Азиядағы 5 мемлекет Еуропа Одағының үлгісі бойынша, еркін сауда аймағын құруы қажет».

Қорыта келе, орталықтың экономикалық тиімділігі туралы пікірдің қақ жарылғанын атап өткіміз келеді. Біреулер жағымды болжам жасаса, өзгелерде үміттен гөрі, күдік басым, соның ішінде қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі қатты төмендейді деген пікір бар. Десе де, бәрінің пікірі бір жерден шыққан тұсы: аталмыш орталық құрылса, шекарадағы сауда-саттық заңды түрде жүретіні.


415 просмотров

Молокозаводы Казахстана опасаются сырьевого дефицита

Половина поступающего на переработку молока в стране не соответствует техрегламенту Таможенного союза

Фото: Shutterstock

С 1 января 2020 года завершается отсрочка, предоставленная Казахстану для наведения порядка в отрасли. Не соответствующее стандартам молоко принимать не будут.

Перед смертью не надышишься

По сути, устанавливается норма продукта по составу и чистоте, определены правила сбора сырья. Работать по стандарту поставщики и предприятия должны были начать в 2018 году. Но получили еще два года на проведение реформ. 

Об этом напомнили эксперты Молочного союза Казахстана, побывавшие в Петропавловске. Они разработали дорожную карту, суть которой сводится к обучению домохозяйств, чем кормить и как содержать скот, и процедуре сбора и хранения молока. 

«Дорожная карта предусматривает целый комплекс мер, чтобы молоко, которое поступает на переработку, было безопасным. Это главный критерий для нашей отрасти. Сырье, которое не будет соответствовать регламенту, мы не сможем принимать на молокоперерабатывающие предприятия», – отметил в ходе брифинга для СМИ исполнительный директор Молочного союза Казахстана Владимир Кожевников. 

Пейте на здоровье!

«Потребительские исследования показали, что 34% населения страны доверяют продукту от личных подсобных хозяйств. Процент доверия в южном регионе составляет примерно 44%. Это значит, что многие потребители берут продукт необработанный. Если, например, покупать продукцию у дороги, то не понятно, в каких условиях она произведена, как хранилась, доставлена. Сейчас температурный режим очень высокий, 38 градусов. А женщины на улице торгуют», – рассказала журналистам координатор работ по дорожной карте Сауле Жанкина.

Разные частники

Стандарты Таможенного союза могут поставить неподготовленных поставщиков в затруднительное положение, отметил в комментариях корреспонденту «Курсива» директор ТОО «Молсервис» Сергей Чепурко. Уже сейчас переработчики начинают уходить от работы с ЛПХ, предпочитая сотрудничество с профессиональными производителями.

«На нашем предприятии в последние годы мы вообще с такими проблемами не сталкиваемся, потому что работаем с серьезными поставщиками. Если раньше у нас была половина сырья от ТОО, половина – от личных подсобных хозяйств, то сейчас личные подворья занимают 25%», – рассказал предприниматель.

Также хорошим шагом в сторону качества сырья стало открытие сельхозкооперативов, говорит бизнесмен. Однако тут все также зависит от профессионализма их руководителей.

«Проблемы по сбыту возникают как раз у тех, кто не подготовлен. Они думают, что закупят молоко, сдадут и сразу получат деньги. Но это не так. У нас несколько лет назад были проблемы с поставщиками. Мы просто разворачивали молоковозы и не принимали некачественный продукт. Как раз от частных подворий», – резюмировал Сергей Чепурко.

Много ли село дает молока

По информации Молочного союза Казахстана, на сегодня 77% от 1,5 млн тонн товарного молока в стране производят мелкие хозяйства. И если к молоку, которое получают на производстве, претензий практически нет, то к этому их достаточно.  Почти в 700 тыс. тонн сырья находят нарушения –  повышены микробиологические показатели и обнаружены антибиотики.  Отрицательно сказываются на качестве сырья большие расстояния между населенными пунктами, неразвитая сеть сбора молока, нехватка специалистов и банальная неграмотность сдатчиков.

По информации исполнительного директора Молочного союза Казахстана Владимира Кожевникова, большая проблема заключается еще и в том, что на молочных заводах летом возникает переизбыток молока, а зимой – острый дефицит.  Как следствие, заводы находятся в зависимости от сухого молока, а оно на 90% импортное.  

В общую бочку

Выйти на уровень соответствия техническому регламенту ТС, считает МСК, поможет объединение небольших хозяйств в кооперативы, которые будут централизованы. В Карагандинской области уже есть пример такой работы. ТОО «Натиже» создало в регионе сеть из 30 молокоприемных пунктов. В пунктах приема молоко сразу фильтруется, охлаждается и проверяется на чистоту, качество и только после в специализированных емкостях отправляется на завод, как этого требует регламент ТС. 

«Если молоко не будет соответствовать качеству, то, конечно, с введением техрегламента мы понесем урон. Поэтому и доводим до сведения сдатчиков, какие требования предъявляются к качеству молока, создаем вот такие молокоприемные пункты. Надеемся на положительный результат этой работы», – рассказал директор ТОО «Натиже» Даулетбек Акпар.

По его словам, пока в кооперативах 3–4 случая в месяц, когда молоко не проходит проверку. 

Жительница села Жаман жол Светлана Мокишина сдает молоко больше 20 лет. Женщина отмечает, что с появлением кооператива правила приема уже сточились, но местные быстро к ним привыкли, поскольку сами заинтересованы в качестве своего сырья.  

«Случаи, когда молоко не проходит проверку, – редкость, потому что все правила, в принципе, простые, главное – чистота во всем и здоровое животное», – рассказывает Светлана Мокишина.  

Тем не менее, по данным МСК, в кооперативы мелкие хозяйства объединяются неохотно. Директор заготовительной компании ТОО «Ауыл Сутты» Канат Абдыгалиев считает, что причиной  этого является недостаточная информированность населения о преимуществах такого объединения.  

«Нужно объяснять людям, что собой представляет кооператив, что есть субсидии – 10 тенге с литра молока возвращаются в кооператив.  Это тоже мотивирует. А у нас вышла информация, что существует программа, а до сдатчика она не доходит», – поделился мнением Канат Абдыгалиев.

Цифровизация в помощь

Производители начали применять приложение Collect mobile.

«Это приложение помогает делать картирование параметров сдатчиков молока, тех факторов, которые влияют на продуктивность скота. Это помогает переработчикам лучше прогнозировать свою работу. Например, если они понимают, что в районе есть проблема деградации генетического потенциала, то вмешиваются – закупают семя скота, осеменяют коров, чтобы у этих людей было больше молока, было больше дохода», – прокомментировала экономист по агробизнесу Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (FAO) Инна Пунда

Главная задача этого ноу-хау, по словам Инны Пунда, сократить цепочку производства молока до «сдатчик – производитель». 

«Нужно понимать, что сегодня куш в цепочке молока снимает перекупщик. К сожалению, есть перекупщики, которые зарабатывают в день несколько тысяч долларов за 4 часа работы. Их заинтересованность – оставить в неведении сдатчика, а завод держать в сырьевой зависимости и манипулировать ценой», – говорит эксперт FAO.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

svadba.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций