Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


1220 просмотров

Президент поручил руководству ВКО обратить внимание на развитие МСБ

Глава государства с рабочим визитом находится в ВКО

Фото: Reuters

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев поручил руководству Восточно-Казахстанской области обратить особое внимание на развитие малого и среднего бизнеса, который в Семее играет заметную роль в экономической деятельности региона.

Также глава государства поручил правительству разработать специальную программу социально-экономического развития Семея до 2025 года. По его словам, это позволит актуализировать задачи развития города на среднесрочную перспективу.

«Следует более активно использовать производственный и экономический потенциал Семея. Например, широко применять технику, которую выпускает крупный автосборочный завод "СемАЗ". Особое внимание местной исполнительной власти следует уделить ремонту двух мостов через Иртыш в Семее. Старые мосты, один из которых железнодорожный, находятся в аварийном состоянии и требуют реконструкции», - посоветовал глава государства.

Кроме того, Касым-Жомарт Токаев отметил, что следует продолжить работу по ремонту дорог в ВКО и по восстановлению соснового ленточного бора и реликтовых лесов области.


115 просмотров

Жаңа Экологиялық кодекс өнеркәсіп кәсіпорындарын банкрот қылуы мүмкін

Қоғам белсенділері экология туралы жаңа заң нормалары бизнестің мүддесіне қайшы келіп тұрғандықтан, оларды қайта қарау қажет деп тұжырымдайды

Фото: bko.gov.kz

Жаңа Экологиялық кодекс қабылданса, бұрыннан келе жатқан өнеркәсіп кәсіпорындары банкротқа ұшырауы мүмкін.  Uralsk Green Forum халықаралық экологиялық форумында өндіріс саласының мамандары салалық мекеме өкілдерімен осы және өзге де өзекті мәселелерді талқылады. 

Аталмыш форумның ұйымдастырушысы – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» консорциумы.

«Біздің басты мақсатымыз – мұнай мен газ өндірудегі қалдықты азайту бойынша  әлемдік стандарттарға жету. Ілеспе газды жағу барысында қоршаған ортаға тигізетін зиянын төмендету үшін жаңа технологияларды ендіруді қолға алып жатырмыз», – деп атап өтті ҚПО бас директоры Эвин Блом. 

Оның айтуынша, ҚПО-ның жеткен жетістіктері де жоғары – көмірсутекті өндіру барысында ілеспе газ жалындап жанбайды, компания оны бұрғылау кезінде-ақ жағып жібереді. 

БҚО экс-әкімі Алтай Көлгінов қазіргі кезде облыстағы бірқатар кәсіпорындар «жасыл» экономика тұжырымдамасы аясында, экологиялық өнім шығаруға көшкенін хабарлады. Айталық, «Стекло Сервис» компаниясы қуат үнемдейтін шыны шығарса, «Кублей» компаниясы етке сойылған малдың сүйек-саяғынан құс жеміне қосатын ұн шығарады. Ал «Пош Руно» ЖШС мал терісін өңдеуді қолға алған.

Осы ретте БҚО экология департаментінің жетекшісі Ербол Қуанов облыс бойынша жылына қоршаған ортаға 63 мың тонна зиянды қалдық шығарылатынын айтып өтті. Десе де, БҚО республикадағы ең таза аймақ саналады. Ел бойынша алсақ,  ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың 2,5 пайызы осы облысқа тиесілі. 

«Қоршаған ортаны қорғау жөнінде кешенді жоспар жасалып, 2026 жылға дейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен зауыттар, жаңадан ашылатын өндіріс орындары шығаратын қалдық көлемін 63 мың тонна көлемінде ұстап тұруға ниеттіміз»,–деп мәлімдеді экология басқармасының басшысы. 
 
Маманның айтуынша, ол өндіріске «жасыл» технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Осы мақсатта аймақтағы барлық жер қойнауын пайдаланушылар экологиялық іс-шара жоспарларын әзірлеген. Бүгінде БҚО-да өндіріс қалдықтарының 30% -ы қайта өңделеді. «2026 жылға қарай біз кәсіпорын қалдықтарының қайта өңделетін бөлігін 70% дейін жеткізуге ниеттіміз», – деп тұжырымдады Қуанов мырза.

Басты назарда – ірі кәсіпорындар 

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас кеңесшісі Нұрғазы Жанашев биыл желтоқсан айында парламент қарауына  жаңа Экологиялық кодекс жобасы ұсынылатынын айтып өтті. 

Жаңа заң жобасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың барлығын жаппай экологиялық қадағалаудан бас тарту жоспарланған: бақылаушы органдардың басты назары қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың 80 пайызын шығаратын ірі кәсіпорындарға бағытталмақ. Бұл кәсіпорындар табиғат пайдаланушылардың бірінші санатына жатқызылады. Олар 2025 жылдан бастап қоршаған ортаға зиянды қалдық шығару үшін кешенді экологиялық рұқсатнама (КЭР) алуы тиіс. Бұл рұқсатнама құжатында эмиссия мөлшерімен қатар, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары да жазылады. KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжановтың түсіндіруінше, жаңа Экологиялық кодекстің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бас ауруына айналар тұсы  осы – қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту үшін КЭР-ге көшу мәселесі болып тұр. 

«Бүгінде Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың басым бөлігі кеңес заманында салынған. Бұл – энергетика кәсіпорындары, металлургия саласындағы, сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз», «ЕмбіМұнайГаз» сынды мұнай-газ секторындағы бірқатар кәсіпорындар. Олардың басым бөлігінің тозығы жеткен», – дейді Қабжанов.
 
Аталмыш кәсіпорындарда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған технологиялардың барлығы кеңестік стандарттармен жобаланып, сол бойынша жұмыс істейді. Егер бұл кәсіпорындарды кешенді экологиялық рұқсатнама алу жүйесіне көшіретін болса, бұл оларға өте қымбатқа түсіп, кәсіпорын тіпті жабылып қалуы мүмкін деп тұжырымдайды спикер. 
Бұл ретте, спикердің айтуынша, Энергетика министрлігі бірінші санаттағы кәсіпорындарға КЭР енгізуден бас тартуды қарастырып отырған жоқ, қайта оны енгізу 10-12 жыл айналасында жүзеге асуы керек. Сондықтан заңнамадағы бұл ереже қайта қарауды қажет етеді. 

«Сауын сиырға да» күтім керек

Сонымен қатар, Қабжанов мырзаның пікірінше, экология саласындағы заңды бұзғаны үшін салынатын салықтың барлығы табиғатты қорғауға бағытталған бастамалар мен жобаларға жұмсалуы тиіс. 

«Егер Үкімет экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны ластаушыларға арналған шараларды күшейтіп, ең жақсы технологияларды енгізу керек деп шешсе, онда жер қойнауын пайдаланушылармен, өндірістік бірлестіктермен диалог орнатып, ақылға қонымды ымыраға келуі қажет», –дейді Рүстем Қабжанов.

Спикердің айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан қоршаған ортаға келтірген зиян үшін салық көлемін 2 есеге арттыру жоспарланған, оның үстіне, 2024 және 2027 жылдары тағы да екі есе көтерілмек. 

«Егер сиырды үнемі сауып, бірақ жем-шөп бермесе, ол өліп қалады. Кәсіпорындардың экологиялық жағдайды жақсарту мүмкіндігі болуы үшін, эмиссия үшін төлем де көңілге қонымды болуы тиіс», – деп өз пікірімен бөлісті Рүстем Қабженов. 

Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгул Соловьева  жер қойнауын пайдаланушылардың табиғатты қорғауға жұмсайтын шығынының бір бөлігін мемлекет өтесін деген пікір көңілге қонымсыз екенін айтады.

Мемлекет өзі құрбан бола тұра, тағы өзі төлеуі керек екен. Кейіннен БАҚ өкілдеріне ол жаңа Экологиялық кодекс қабылданса, бірінші санатқа кіретін кәсіпорындар – негізінен ірі жер қойнауын пайдаланушылар өз өндірісін жаңартуға, жаңғыртуға мүдделі болатынын: агрегаттар мен тораптарды ауыстырып, өндіріске жаңа технология енгізетінін айтып өтті. Соның арқасында қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдық көлемі анағұрлым азаймақ.
 
«Жаңа құжатта жер қойнауын пайдаланушы аса ірі айыппұл төлемес үшін не істеуі керек, зиянды қалдықтарды ақырындап азайтып және осы қалдықтарды бағалау қандай көрсеткіштер бойынша жүзеге асатыны егжей-тегжей жазылған», – деп түсіндірді Соловьева ханым.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

almaty2019_kursiv_240×400.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций