Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


147 просмотров

Керчь бұғазы мен Бұқтырма су қоймасын не байланыстырады?

Инженер-жобалаушы Виктор Фольцпен сұхбат

Шығыс Қазақстан облысы өзен-көлге бай болғандықтан, бұл аймақта көпір салу мен оны пайдалану мәселесі әрқашан өзекті. Осы орайда Керчь бұғазы мен Бұқтырма су қоймасын не байланыстыратыны, қазіргі салынып жатқан көпірлер қаншалықты ұзақ қызмет ететіні және арзан жобалардың неліктен қазынаға салмақ салатыны жайлы инженер-жобалаушы Виктор Фольцпен сұхбаттастық. 

- Виктор сіз құны 23 млрд теңгеден асатын, ШҚО-дағы ең ірі жобалардың бірімен жұмыс істедіңіз. Егер инвестор қаржы құйса, Бұқтырма су қоймасының үстінен салынатын көпір қандай болмақ?  

– Күршім өткелінің жанында салынатын көпір ерекше құрылыс болайын деп тұр. Оның ұзындығы –1,3 шақырым болса, ені – 12 метр. Бұндай көпірге қажеттілік Кеңес кезінде де бар еді, бірақ қажетті техника жоқ, құрылысшылардың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, идея күйінде қалған. Жобалау жұмыстары енді ғана қолға алдынды. Өте қиын сейсмикалық және геологиялық жағдайда, үлкен мұз алқаптары мен су қоймасының 15 метр тереңдігін ескере отырып жұмыс істеуге тура келді. 

– Бүгінде барлық мәселе шешілді ме?

– Біз жобалау  кезінде Керчь көпірін жобалаған әріптестерімізбен ақылдасып, кеңестік. Олар таңдалған шешімдердің дұрыстығын айтады. Жұмыс барысында туындаған қиындықтардың түп-тамыры ұқсас екен. 

Қандай шешім туралы айтып жатырсыз?

– Жалпы айтар болсақ, монолит темірбетонды жеке тірек пен металл арқалық құрылысының жобасы жасалды. Көпір ұзындығы 63-84 метр болатын 16 арқалық  пен 37 метрге дейін жететін қазықтардан тұрады. Құрылысшылар бетондау жұмысын су астында жүргізе алуы үшін металды гильзалар, арнайы қалқыма құралдар, қада мен өзге де ерекше конструкцияларды қолдандық.

– Бұрындары маңызды нысанды жобалау үшін шетелдік фирмаларды тартатын еді, мысалға Семейдегі аспалы көпірді алайық. Қазіргі кезде отандық мердігерлер шетелдіктермен бәсекелесе ала ма?

- Біздің елде  әр салада: құрылыс болсын, жобалау болсын, кез-келген қиын жұмысты атқара алатын кәсіби мамандар жеткілікті. Дегенмен қазіргі кезде білікті инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Миграция жыл сайын артып, көптеген мамандар жоғары табыс үшін шетелге көшіп жатыр. Бұған мемлекет назар аударып, жастардың техникалық мамандыққа деген қызығушылығын арттыруы керек. Ең бастысы, құрылысшылар мен жобалаушылардың жұмысы тұрақты болуы керек. Бұл енді бюджетті бөлу мәселесі. Бұрын мемлекеттік тендерге қатысатын компаниялар жобаның нақты құнын қатты төмендететін еді, ол өз кезегінде көптеген жобалау компанияларының жабылуына әкеп соқты.  

– Жобалық құжаттарға қанша уақыт өзгерту мен түзетулер енгізбеуге болады? Күршім көпірін салу жобасы әлі де өзекті ме, оны жаңалау қанша тұрады? 

– Кез-келген жобаның қолдану мерзімі – 3 жыл. Одан кейін геологиялық қыртыс қозғалып, гидрогеологиялық жағдай өзгеріп кетуі мүмкін, сондықтан зерттемелерді жаңалау қажет. Егер өте маңызды нысан болса, зерттеме құны да аз болмайды, өйткені бұрғылау жұмысы өте қымбат. Дегенмен, Күршім көпірінің жобасы әлі де өзекті.  

– Жобалау барысында Шығыс Қазақстан облысының табиғаты, жер қыртысы, сулану деңгейіне байланысты өзіндік қиындықтар болды ма? 

- Ауа-райы, геологиялық және гидрологиялық т.б. ерекшеліктердің бәрі салалық нормативтерде ескерілген. Қазір құрылысты қатты суықтан, су тасқынынан қорғау жеңіл. Құрылысшылардың таңдауына берілетін құрылыс материалдары да саналуан, өндірушілер әрқашан бәсекеде жүреді, өнім сапасын үнемі жақсартып отырады.

– ШҚО-да әр жылдары салынған құрылыстардың ішінде қайсысы жобалау тұрғысынан қызығушылық тудырады?
  
– Маңызды нысандардың қатары көп. Семейдегі керме көпірдің өзі не тұрады? Бұл өте қызық құрылыс, бірақ қымбат. Үнемі әдемі нысан сала бермейсің. Осы ретте мемлекеттік сараптаманың бақылауындағы қазына қаржынысын тиімді пайдалану мәселесін естен шығара алмайсың. Әдетте біздің өзендерге ұзын көпір қажет емес. Сондықтан құрылыстардың бәрі бір стильде салынады, көбінесе темірбетон арқалық қолданылады. Бірақ қазір елімізде монолит темірбетонды қолданатын құрылыс қарқын алып жатыр. Бұл үрдіс көңіл қуантады, өйткені қала эстетикасы мен архитектурасын бұзбайтын,  бұрылыс-қиылыстарда ым-жымы білінбей қиюласатын әдемі құрылыс салуға мүмкіндік туындайды.  

– Құрылыс қаншалықты күрделі болған сайын, оны пайдалану соншалықты қымбатқа түседі деген сөз рас па? 
 
- Кез-келген көпірді пайдалану барысында шығын шығатыны анық. Қазіргі кезде бұдан бөлек үлкен бір мәселе бар, тапсырыс берушілер мен сараптама жасайтындар  өте тиімді, бірақ аса қымбат емес құрылысты талап етеді. Алайда дәл осындай нысандарды пайдалану барысында шығын молынан шығады. Әлемдік тәжірибе құрылыс кезінде қаржыны аямай, содан кейін 10-15 жыл бойына пайдалануға кететін қомақты қаржыны үнемдеуге болатынын көрсетеді. Мәселен, өзенге темірбетоннан салынған ұзын көпірді кейін күтіп ұстау қазынаға салмақ салады. Оны  судың үстінде бояу да, бетонды судан қорғайтын жабынын сақтау да оңай емес. Ал металл көпір одан жеңіл, ұзақ мерзімге жарамды және оны жиі-жиі бояудың да қажеті жоқ. 

–  Заманауи технологияны ескерсек, көпірдің қызмет ету уақыты қанша? 

– Көпірлер негізінен 100 жылдан аса уақытқа шыдауы керек. Бұл қағида кеңес кезінде бекітілген. Бірақ өткен ғасырдың 50-70-жылдары салынған көпірлерді алып қарасақ, сапасы аса жақсы болмағанын байқап отырмыз. Бетонның шығынын азайту үшін арқалықты жұмыр тастармен толтыратын. Нәтижесінде елдегі көптеген құрылыс күрделі жөндеуді, қайта құрылымдауды қажет етеді, тіпті кейбірін қайта салу керек.  

– Өткен жылы су тасқыны кезінде Крестовка өзеніндегі көпір кұлап қалды. Бұған не себеп деп ойлайсыз? 

– Бұның бәрі – тапшылықтың салдары. Кеңес уақытында қажетті материал мен уақыт жетіспегендіктен, көпір барлық талаптарға сай салынбайтын. Ал колхоз-совхоздар дамып, қарым-қатынас орнату үшін көпір деген ауадай қажет еді, көптеген құрылыс уақытша нысан ретінде салынған, алайда олар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. 

– 1987 жылы қатты аяз салдарынан негізгі құрылымдарының бірі жарылып кеткен Үлбі көпірінің қазіргі жай-күйін қалай бағалайсыз?  

- Бұл мәселеге байланысты қандай да бір пікір білдіре алмаймын. 

– Қазіргі кезде ШҚО-да қандай жобаны жүзеге асырып жатырсыздар?

- Жергілікті компаниямен бірлесе отырып, бірі Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылындағы мешіттің жанында, екіншісі Ольга Рыпакова орталығының жанында орналасатын жерүсті жаяу жүргінші жолының жобасын бітірдік. Жұмыс барысында қала тұрғындары мен әкімшіліктің де пікірін ескердік. Бұл – көлік жолында тіреуіші жоқ, өте жеңіл, баспалдағында резіңке жабыны бар, светодиодтармен жарықтанған, көпқабатты үйлердегідей, бір нүктені баса салсаң келетін лифтісі бар құрылым болмақ. Бір жобамыз мемлекеттік сараптамадан өтті, екіншісінің қорытындысы жақын күндері шығуы керек.


1208 просмотров

Налоговики вывели из тени в ЗКО почти 10 млрд тенге

Благодаря онлайн-кассовым аппаратам

Фото: Shutterstock

Первые данные онлайн-кассовых аппаратов (ОККМ) показали: у бизнеса ЗКО в тени находилось не менее 10 млрд тенге. «Курсив» выяснил, как налоговики на 113,3% выполнили план по дополнительным поступлениям налогов за счет сведений ОККМ и сколько еще планируют собрать за счет легализации прибыли местных предпринимателей.

Столько млн на дороге не валяется

ДГД ЗКО на запрос «Курсива» сообщил: в 2019 году по итогам прошлого года, когда предпринимателей обязали устанавливать онлайн-кассовые аппараты (ОККМ), налоговики смогли собрать дополнительно в республиканский и местный бюджеты 171,5 млн тенге. 

Департамент дает следующий расклад: по результатам администрирования с начала 2019 года по всем действующим ИП выручка выросла в 1,5 раза – с 12 до 19 млрд тенге, или на 7 млрд (58%). А в сравнении с 2018 годом выручка увеличилась в 2,1 раза – с 9 до 19 млрд тенге, или на 10 млрд тенге, – 111%.

«Эти 10 млрд доходов скрывались, были в тени. На эту сумму мы, получается, увеличили налогооблагаемую базу. Если с нее взять только 1,5% соцналога, уже выходит дополнительно 150 млн», – прокомментировала данные «Курсиву» руководитель управления анализа и рисков ДГД ЗКО Жаннат Шайхиева.

В прошлом году, сообщила она, ОККМ установили почти все крупные предприятия. Самый большой доход по базе данных онлайн-касс показали торговые дома, рестораны, кафе и другие точки сети общественного питания. Но по итогам 2019 года аналогичных побед налоговики не ждут: показатели реальных доходов бизнеса еще, конечно, подрастут, но не намного – онлайн-кассы осталось установить предприятиям и ИП с небольшими оборотами. 

Сегодня в Западно-Казахстанской области зарегистрировано 19 280 ККМ, из них 11 788 – онлайн-ККМ, которые установили 8435 налогоплательщиков. Всего в области действуют 42 624 субъекта МСБ (зарегистрировано 49 958). Из них 41 222 ИП и 8736 юридических лиц.
И предприниматели, надо отметить, попыток экономить, в том числе на налогах, не оставляют. Кто-то по-прежнему не пробивает все онлайн-чеки, а кто-то не разобрался в идее установки ОККМ и, честно пробивая все чеки, указывает в своих налоговых отчетах низкую прибыльность.

«Есть предприниматели, которые полагают: данные, которые поступают с онлайн-касс, не проверяются. В результате у них нестыковки – по базе ОККМ один доход, а по отчетам – другой. А все данные с кассы напрямую идут в Комитет госдоходов, где формируется база данных на каждого субъекта МСБ», – объяснила г-жа Шайхиева. 

Cashback для покупателя

Напомним, передача сведений с онлайн-ККМ осуществляется по каналам связи сети телекоммуникаций общего пользования в последовательности: ККМ – оператор фискальных данных – уполномоченный орган. 

Сегодня в Казахстане определены три оператора фискальных данных – это АО «Казахтелеком», АО «Транстелеком» и ТОО «Кар-Тел».

Налоговые службы используют автоматизированный контроль – спецпрограмма отсылает уведомления предпринимателям автоматически. По итогам 2018 года программа нашла так много нестыковок, что фискалы смогли доначислить в бюджет круглую сумму. 

По администрированию с использованием сведений ОККМ 143 налогоплательщикам было направлено 157 уведомлений. 

По результатам этой работы доначислено и взыскано 94,1 млн тенге. Это, повторимся, деньги с тех доходов, которые при уже установленных онлайн-кассах бизнесмены пытались скрыть. Но и это не все. Как объяснили в департаменте, если уведомление отправляется только по крупным суммам, то по мелким суммам (1–2 тыс. тенге) направляется простое извещение. По ним насобирали еще 77,3 млн тенге. 

Судебных исков, штрафов и жалоб не было, заверили нас в департаменте госдоходов – с предпринимателями проводят беседы, а покупателям предложили включиться в процесс. 

«Для населения приняты стимулирующие меры при безналичных расчетах – начисление cashback от банков второго уровня и проведение лотерей. Для бизнеса при покупке ОККМ уменьшается сумма уплачиваемых налогов на стоимость кассы, отменяются требования по пломбированию ККМ и ведению учета наличных денег», – напомнила руководитель управления ДГД.

План по дополнительным поступлениям налогов за счет администрирования с использованием сведений ОККМ за пять месяцев текущего года налоговики ЗКО исполнили на 113,3%, собрав, как уже сказано, 171,5 млн тенге. Общий план 2019 года – 909,2 млн. Но аналитики ДГД считают: собрать почти миллиард вряд ли удастся – реальные объемы налогооблагаемой базы почти определились и дальше десяти выявленных миллиардов эти показатели далеко не уйдут.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций