Перейти к основному содержанию


936 просмотров

Акимат Жамбылской области намерен купить пять служебных авто за 63,5 миллиона тенге

В технической спецификации указано, что все автомобили должны быть 2019 года выпуска, черного цвета, с объемом двигателя до 3 000 куб. см

Фото: Shutterstock

Акимат Жамбылской области намерен обновить свой автопарк пятью новыми автомобилями. Каждый автомобиль обойдется бюджету примерно в $33 тысячи. Однако заказчики не считают, что закупаемые машины слишком дорогие. Об этих планах по обновлению автопарка областных властей на своей страничке в Фейсбуке сообщил глава ОЮЛ «Ассоциация молодежных организаций Жамбылской области» Исламбек Дастан. 

Действительно, на сайте госзакупок размещено данное объявление, опубликованное КГУ «Хозяйственное управление аппарата акима Жамбылской области» 8 апреля 2019 года. В нем говорится, что закупка пяти автомобилей планируется тремя лотами. На два авто запланировано 7,415 млн тенге и 13,290 млн, остальные три обойдутся бюджету по 14,290 млн каждая.

В технической спецификации указано, что все автомобили должны быть 2019 года выпуска, черного цвета, с объемом двигателя до 3 000 куб. см. Также указаны многие другие требования к закупаемой технике, которые соответствуют новейшим моделям, вплоть до подогрева рулевого колеса. 

Предварительный срок начала приема заявок - 22 апреля этого года, а окончания - 7 мая. 

Руководитель КГУ «Хозяйственное управление аппарата акима Жамбылской области» Ануар Сейфуллин подтвердил «Курсиву» намерения акимата закупить авто. Он рассказал, что заявку они подавали еще в прошлом году и ни один из закупаемых автомобилей не предназначен для акима области Аскара Мырзахметова.

«Существующий парк машин - устаревший, порядка 30-40 автомашин эксплуатируются больше 8 лет», - сообщил по телефону «Курсиву» глава ХОЗУ. - Если я не ошибаюсь, 4 автомашины закупаются для областных управлений и только одна для аппарата акима области. Но не для главы региона. Закупаемые автомобили не бизнес- или представительского класса. Это авто казахстанского производства, недорогие автомобили. Им придется много ездить по районам, работы ведь много. И если мы купим легковые авто, то их последующий ремонт будет дорогостоящим».

Он добавил, что теперь закупкой автомобилей занимается созданное летом прошлого года КГУ «Хозяйственное управление аппарата акима Жамбылской области»: «Раньше каждое областное управление само обслуживало себя – здания, автопарк, а сейчас, в целях экономии, деятельность аппарата централизовано обеспечивает наше учреждение. Жамбылская область была единственной в Казахстане, где не было хозуправления».


147 просмотров

Мемлекеттің қолдауынсыз зауыт салу мүмкін бе?

Жобаға шетелдік инвестор тарту жолы

Фото: Pixabay

Қазақстанда соңғы 7 жылда табақ шыны зауытын салу мәселесі бірнеше рет талқыға түскен еді. Оны Ақтөбе мен Қызылорда, Павлодар қаласында іске қосу жоспарланған. Егер бірінші жағдайда мемлекет бұл іске қатты қолдау көрсетсе, ал Павлодардағы жеке инвестор көтпеген кедергіге тап болған.

«ИнтурСервисПульс» ЖШС 2021 жылы Павлодар облысында табақ шыны шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 145 миллион доллар, ал жобалық қуаты – жылына 140 мың тонна немесе 10,5-11 миллион шаршы метр әйнек шығару. Бүгінде болашақ шыны зауытына электр қуаты желісі, кәріз жүйесі, Қалқаман станциясынан ұзындығы 4,2 км болатын теміржол желісін жеткізу мәселелері шешілген. Болжам бойынша, жоба 5-6 жылдың ішінде-ақ өзін-өзі ақтауы тиіс, аталмыш бизнестің тиімділігі төмен екенін ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш.

Зауыт газбен жұмыс істейтіндіктен, қазіргі кезде газ қоймасы мен өндірістік қажеттілік үшін көлемі 2 гектар болатын жер телімі  де бөлінген.  

«Кезінде, Әсет Исекешев Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тұрғанда, ол Павлодардағы шыны зауыты көмірмен жұмыс істемейді деген еді. Мен 2017 жылы Челябинскіде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуіне қатысып, «Газпром» өкілімен кездескен болатынмын. Сонда газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілген-тұғын»,–деді «Курсивке» «ИнтурСервисПульс» ЖШС басшысы Кеңес Жұмабеков.

Сонымен қатар, кәсіпкердің айтуынша, Қарасор-1 кен орнында кварц құмын өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы да алынған. Кварц құмы – шыны өндірісіне қажетті негізгі шикізат. Алайда рұқсатнамалық құжаттарды алуға жылдар кеткен. Бірақ онсыз ешбір инвестор жобаға қаржы құймайды, себебі зауыттың өз шикізат қоры болуы тиіс. Алдағы бірнеше жылға бұл құм жеткілікті. Дегенмен Қарасора-5 және Майсора кен орындарында барлау жұмыстарын жалғастыру керек. Бұл аймақта барлау жұмыстары соңғы рет 1951 жылдары жүргізіліп, сол кезде шыны өндірісіне арналған 35 млн тонна құм бар деп болжанған екен.

Жобаға қажетті қаржы  іздей жүріп, бір кездері кәсіпкер мемлекет ішінара қолдау көрсетіп, шетелдік серіктестер алдында кепіл болар-ау деп үміттенген. Бұл үміті ақталмаған соң, ол тек жеке инвестор табуға бел буады. Ақыр аяғы, инвестор тапқан. 2017 жылы Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығында павлодарлық компания мен БАӘ, Кувейт және Ұлыбританиян  компанияларынан тұратын үштік арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

«Келісімшарт шарттары жаман емес, қарызды 10 жылға, 3 пайызбен берді. Сонымен қатар, несиені берілген уақыттан екі жыл өткен соң, яғни зауыт құрылысы біткеннен кейін өтей бастаймыз. Ең бастысы, Кувейт тарапымен, яғни Hezer Ventures компаниясымен біз қаржылай емес, әйнекпен есептесе аламыз. Өйткені Кувейтте шыны зауыты жоқ. Ол жаққа жеткізу жолы да пысықталған, Қалқаман ауылынан шыққан вагондар Ақтауға, сол жерден пароммен Иранға жеткізіледі, ал Кувейт Ираннан қол созым жерде тұр», – деп пайымдайды Кеңес Жұмабеков.

Сондай-ақ, бұл жобаға қазақстандық автоөндіріске кірген қытайлық СМС компаниясы да  үлкен қызығушылық танытқан.  Жақында жобаға өз қаражатын салуға дайын еуропалық инвестор да пайда болды. Кәсіпкердің айтуынша, олардың барлығы қыркүйек айында Павлодарда бас қосып, жоба инвесторы кім болатынын шешуі тиіс.

Екінші дубль

Айта кету керек, Кеңес Жұмабеков Павлодарда шыны зауытын сонау 1994 жылы іске қосқан. Алдымен бөтелке өндірісін жолға қойып, кейін табақ шыны шығарады деп жоспарланған еді. Алдайда Елбасының кәсіпкерлік жөніндегі бұрынғы кеңесшісінің жобасы табысты болмады. Кеңес Жұмабеков өзінің басты қателігі – әр нәрсенің басын бір шалып, қаржыны текке шашып алғанын мойындайды. 

«Линолеум шығарудан бастап, волейбол командасын қаржыландыру, бизнес мектеп ұйымдастыруға дейін айналыстым. Тіпті ұшқыр ұшағым да болды. Бірақ соның ішіндегі ең жаныма жақыны – шыны  зауытының жобасы»,– дейді кәсіпкер.

Осы мақсатта Ресейдің Гусь-Хрустальный қаласындағы зауыттан мамандарды алдыртқан, олардың кейбірі әлі күнге Павлодар қаласында тұрады. Кейін зауытты бульдозермен тегістеп тастаған. 

Осы жылдар аралығында кәсіпкер жобаға қаржы салуға дайын инвесторды неше рет тапқанымен, алдынан әрдайым бір кедергі шығып тұрады. 

«Соңғы 10 жылда мен жобаға  $5 миллионнан аса қаржы салдым, оның бәрі құжат әзірлеуге, кен орнын жобалауға, сараптамаға, тағы басқасына кетті.  Құм өндіруге, кен орнын ашуға рұқсат алуға ұзақ жылдар жұмсадым. Мен алтын-күміс немесе мыс шығарғалы жатқан жоқпын ғой, бар болғаны кварц құмы керек»,– дейді Кеңес Жұмабеков.

Ал енді кәсіпкердің айтуынша, арманының жүзеге асуына сәл ғана қалғанда, шыны зауытын салу үшін, тіпті болашақ кәсіпорынның бақылау пакетінің 99,9 пайызын  инвесторға беруге дайын.
 
Ал индустриалды-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, бұл жоба 2016 жылдан бері облыстың индустриалдық картасына енген. Егер жыл соңына дейін оны жүзеге асыру қолға алынбаса, онда бұл картадан шығып қалады.

Көшпенді жоба 

Табақ әйнек зауытын салу жобасы осы жылдар аралығында бүкіл Қазақстан бойынша «көшіп» жүрді.  Шенеуніктер зауытты алдымен Ақтөбе қаласында салғысы келген, ал соңғы бірнеше жылда өндірісті Қызылорда облысында жолға қоюға тырысып жатыр.
 
Биыл Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шыны өндірісін жолға қоюға тапсырма берді. 

«Шыны зауытының құрылысын аяқтау керек. Өндіріс орны аймағында  өз деңгейіндегі бизнес-кластерді дамытуға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. «Бәйтерек» холдингіне Қызылорда  облысы әкімдігімен бірлесе отырып, қазақстандық тұңғыш шыны зауытын іске қосуды тапсырамын», – деді мемлекет басшысы. 

Жобалық құны 42 млрд теңге болатын шыны зауыты еліміздің оңтүстігінде 2017 жылы ашылуы тиіс еді. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау-жанжалдан соң, оның жұмысы тоқтап тұр. Тергеу мәліметтері бойынша, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 2014 жылдары «Байтерек» қорын басқарған шағында, зауыт құрылысына бөлінген қаржының 1 млрд теңгесін жымқырған. Шенеунікті кінәлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Ал 2018 жылы Қазақстан Даму банкінің басқарма мүшесі, атқарушы директор Думан Әубәкіров 2018 жылдың наурыз айында «зауыт құрылысы жыл соңына дейін бітеді» деп мәлімдеген еді. Алайда тағы бір түйткіл туындаған. 

Бұл жолы зауыттың 20,29% акциясына ие американдық Stewart Engineers компаниясы жобаның негізгі құрылтайшысы – қытайлық China Triumph International-мен тіл табыса алмаған.

Жоба иесі ТОО «Orda Glass ltd» компаниясынан қандайда бір ақпарат алу мүмкін болмады. Олар «Курсивке» ғаламторда бар ақпаратты пайдалануға кеңес берді. 

Қазақстанға шыны зауыты керек пе?

Украинаның маркетингтік зерттеулер саласындағы жетекші консалтингтік компанияларының бірі – Maxrise Consulting зерттеуіне сәйкес, әлемдік шыны әйнек нарығының көлемі 2024 жылға қарай 40 миллиард доллардан асуы мүмкін. 

Коммерциялық және тұрғын үй құрылысының қарқын алуы шыны әйнек нарығының өсіміне ықпал етіп жатыр. 

Қазіргі уақытта әлемдік ірі өндірушілер арзан еңбек күшін, қолжетімді шикізат қорын есепке ала отырып, сондай-ақ бірқатар мемлекеттер ұсынатын жеңілдіктерді пайдаланып, өз өндіріс ошақтарын Азия аймағында орналастырғанды жөн көреді.

Осы орайда Қазақстан 2018 жылы 12,9 млрд теңгеге табақ шыны сатып алған. Нарық жылына 12 пайыз өсім көрсетіп отыр. Тауар Қазақстанға негізінен Қытай, Ресей, Қырғыстаннан жеткізіледі, бүкіл импорттың 93 пайызы солардың үлесінде.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

svadba.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций