Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


810 просмотров

Вернуть внезапные госпроверки на ювелирном рынке предлагают его легальные участники

Председатель ОЮЛ «Лига ювелиров Казахстана» настаивает на проверках без предварительного уведомления

Фото: Shutterstock

Необходимо вернуть возможность внезапных государственных проверок на ювелирном рынке, чтобы бороться с теми, кто уходит от уплаты налогов и нарушает действующее законодательство предлагает председатель объединения юридических лиц «Лига ювелиров Казахстана» Кайсар Жумагалиев.

«Мы хотим предложить наделить НАЦЭКС, Пробирную палату и другие лаборатории правом требовать от предпринимателей документы, подтверждающие легальность происхождения товара. Сейчас лаборатории этим правом не наделены. Пришел пробироваться, пожалуйста, будь добр, покажи документы, что действительно завез из Турции, вот твоя таможенная декларация и все выплаченные налоги. Второе – подсоединить все пробирные палаты к единой информационной системе с комитетом государственных доходов, то есть комитет государственных доходов в режиме реального времени будет видеть кто пришел апробироваться, кто не апробировался, и будет легче осуществлять какие-то проверочные мероприятия», - сказал он на втором форуме ювелиров Казахстана 18 января.

«И мы просим, чтобы уполномоченный орган наделили правом проведения проверок без ссылок на Предпринимательский кодекс. Они зашли в информационную систему, увидели, что Жумагалиев апробировался, а такой-то не апробировался. Значит они имеют право пойти внезапно осуществить проверку без предварительного уведомления», - добавил Жумагалиев.

В качестве примера он привел пример борьбы с предпринимателем из Индии, который организовал продажу изделий из серебра в одном из столичных бизнес-центров.

«В прошлом году мы обращались в департамент государственных доходов по городу Астане в отношении не знаю кто он такой – приехал из Индии, но он продавал из наших бизнес-центров ювелирные изделия из серебра. У него не было ни кассового аппарата, ни казахстанских проб, ничего не было. Мы написали письмо в департамент государственных доходов – никто не пошел. Нам дали ответ – вот закон «О защите прав потребителей», пожалуйста, идет с этим законом и этим индусом судитесь. Тогда для чего существуют государственные органы, если они не могут защитить если не нас, то хотя бы казахстанских потребителей», - резюмировал он.


53 просмотра

Шығыс Қазақстан тұрғындары неліктен ішкі туризмді таңдайды?

«Курсив» аймақтағы ішкі және сыртқы туризмнің арасалмағы қандай екенін анықтап көрді

Фото: Shutterstock

Соңғы жылда Шығыс Қазақстандағы туристердің саны 30 пайызға артқан. Бұқтырма мен Алакөлдің демалыс орындарына жолдама көктемнің басында-ақ сатылып кеткен көрінеді. 

Шынайы статистика

Шығыс Қазақстан облысының туристік саласы жылдан-жылға өсім көрсетіп келеді. Мәселен, Статистика комитетінің сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, 2018 жылы ШҚО-да ішкі туристердің қатары 339 мың адамнан асып жығылған. Аталмыш көрсеткіш аймаққа нақты мақсатпен: демалыс пен ем-дом қабылдап, денсаулығын түзеу  үшін келген адамдардың саны (оған іс-сапармен келген жандар кірмеген). 2017 жылмен салыстырсақ, өсім 30 пайызды құрайды.
  
Демалыс барысында туристер ШҚО-да 21,2 млрд теңгеден аса қаржы қалдырған, ол бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға артық. Бұл қаржының 3,5 млрд теңгесі қонақүйлерде тұруға кетсе, 4,2 милларды – ішіп-жем, ал 3,9 млрд теңгесі көлік қызметіне жұмсалған. Ал ем-дом мен сауықтыру шараларына жұмсалған ақша 803 млн теңгені құрады. 

ШҚО-дағы демалыс орындарына келушілердің 74%-ы – жергілікті тұрғындар.  Қалғандары Қазақстанның өзге облыстары мен шетелден келгендер. Шығысқазақстандықтардың басым бөлігі демалысын туған жерде өткізгенді жөн көретінін статистика деректері де растап тұр. ШҚО Статистика департаменті мамандарының деректеріне сүйенсек, облыс тұрғындарының арасында ішкі туристердің саны шетелге шығатындардан 7,5 есе көп екен. 

Себебі айқын 

Облыс бойынша саяхаттайтындардың саны бір жылда үштен бір есеге өссе, демалысын шетелде өткізгенді жөн көретін шығысқазақстандықтардың қатары 45 пайызға артыпты. 2018 жылы ШҚО-ның 42 мыңнан аса тұрғыны шетелде демалып қайтқан (2017 жылы олардың саны 29 мың болған). Жалпы алғанда олар шетелдік демалысқа 11 млрд теңге жұмсаған. 
 
Шығыс Қазақстан тұрғындарының облыс аумағындағы демалыс орындарын таңдауының басты себебі – жолдама құны. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 11 пайызының ғана шетелдік турларға жолдама алуына мүмкіндігі жетеді. 

БАӘ, Тайланд пен Хайнань аралдарына 1 адамдық жедел жолдаманың құны – 130-150 мың теңге. Бұл сомаға чартерлік рейстер ұшатын Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларына жетуге кететін жолпұлды қосыңыз. Өскеменнен тікелей тек Түркияға ұшуға болады. Доминикан, Иордания, Вьетнам, Тунис пен Пхукет аралдарына жолдама бағасы сәл қымбаттау (адам басына 250-316 мың теңге аралығында). Осылайша екі адамнан тұратын отбасының ыстық елде демалуы үшін 260-632 мың теңге аралығында қаржы кетеді. Бұл – түрлі мәдени шаралар мен экскурция, қонақүйден тыс тамақтану мен шопингке кететін ақшаны есепке алмағандағы сома.

Екі адам Бұқтырма су қоймасындағы (Алтай аймағында) апталық демалыс үшін 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жұмсайды (тұру мен ішіп-жем жағдайына байланысты). Шағын коттеждер мен қонақ үй бөлмелері бағасының айырмашылығы үлкен. 
Су мен кәріз жүйесі жоқ, тамақты өзің жасап ішетін шағын ғана қалқан үйлерде бір түн түнеу құны 10-15 мың теңге. Сәл-пәл өркениет белгілері бар орындар күндігіне 18-22 мың теңге тұрады. 

Ал бір күндік құны 5 мың теңгеден басталатын, кеңес заманынан келе жатқан қонақүйлердегі бөлмелер – ең қолжетімді нұсқа. Үш мезгіл тамағы бар, люкс отельдегі бір күндік демалыс 38 мың теңгеден басталады. 

Ал Алакөл жағалауындағы жаңа салынған шағын қонақүйлерден адам басына 10-15 мың теңгеге орын алуға болады. Бұл сомаға тамағы да кіреді. 

Ең бастысы – қызмет сапасы 

Sanur Tour туристік агенттігінің жетекшісі, travel-блогер Айнұр Атантаеваның айтуынша, аймақта шетелге шыққысы келетіндердің көбею себебі, жағдайы бар адамдар сервис үшін қымбатырақ төлеп, «бәрі қосулы» принципі бойынша қызмет көрсететін шетелде демалғанды жөн көреді.

260-300 мың теңгелік жедел жолдамамен 4 жұлдызды қонақ үйдегі демалыс пен Бұқтырмадағы апталық саяхатты салыстыруға келмейтіні анық.  

 «Жылдан-жылға шетелге саяхаттау танымал болып, сәнге айналып келеді. Адамдар өздерінің саяхаттап жүрген достарына, таныстарына  қарап, шетелге шығудың жолын қарастырып, ақша жинап, тіпті несие де алып жатыр. Оның үстіне туристік индустрияның көшбасшылары – Қытай мен Түркия ұсынатын сервисті ескерсек, бұндағы демалыс құны Қазақстанда, соның ішінде біздің аймақта демалу құнынан біршама арзан», – деп атап өтті Айнұр Атантаева.

Туризм саласының мамандары қызмет көрсету сапасындағы жер мен көктей айырмашылықтың негізгі себебі ретінде  шенеуніктердің туристік кластерге деген алақұла көзқарасын атайды. Ең қонақжай елдердегі қонақүйлерге қаржы салатын инвесторлар сол мемлекеттен өте жақсы жеңілдіктер алады. 

«Мәселен, көл жағалауына шағын ғана демалыс аймағын салуға бел буған жергілікті кәсіпкерлер барлығын өздері істейді. Жалпыға бірдей шартпен несие алып, өз күшімен құрылыс салып, демалыс аймағына қарай инженерлік коммукация тартады. Әрине, оларға кеткен шығынды жабу керек, сондықтан бағаны арзандата алмайды. Кейде оларға жаным ашиды, таңнан қара кешке дейін еңбек етсе де, жолдама бағасы қымбат болса да, қырып ақша тауып жатқаны шамалы», – дейді турагент.

Енді ғана басталды

Айта кету керек, «мемлекет сервисті қамтамасыз етсе, бизнес бағаны төмендетеді» деген тұжырым Шығыс Қазақстанда, Алакөлде енді-енді жүзеге аса бастады. Бұқтырмадағы базалармен салыстырғанда, ала көлдің жағалауындағы демалыс орындарының бағасы арзандау және қызмет көрсету сапасы жақсырақ.

ШҚО туризм және ішкі байланыс басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда абаттандыру, Алакөлдегі базаларға апаратын жолды жөндеу, әуе және теміржол қатынасын субцидиялауға қазынадан 5,2 млрд теңге бөлінген. Мекеме басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, Алакөлге апаратын жолдарды жөндеуге биыл 4 млрд теңге бөлінбек. Әкімдік паркті абаттандыру, 3-4 жұлдызды қонақүй салуға қажетті алаңдарды кептіруге қаржы бөлмек. Курорттық аймақ  Қазақстандағы туристік нысандардың топ-ондығына кіргелі бері, Алакөлдің жағалауы қарқынды түрде абаттанып жатқанын айта кету керек, яғни, туризмнің осы басым бағыты республикалық бюджеттен қаржыландырылады деген сөз.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

almaty2019_kursiv_240×400.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций