Перейти к основному содержанию


3398 просмотров

ФПК о проблемных ипотечниках БТА: «Выкупайте квартиры или хотя бы арендуйте»

Председатель правления ФПК рассказал, что у фонда есть порядка 70 квартир, которые достались в наследство от нерабочих займов БТА

Фото: Shutterstock

Казахстанцы, которые взяли ипотеку на приобретение квартир в АО «БТА», а затем перестали ее выплачивать, должны будут платить арендные платежи или выкупить свои квартиры, переданные в АО «Фонд проблемных кредитов» (ФПК), сообщил председатель правления ФПК Даулет Бакберген.

«По жилому фонду: надо сказать, что у нас есть порядка 70 квартир, которые нам достались в наследство от нерабочих займов по БТА. Там на сегодня проживают люди. Понимая социальный аспект и нашу позицию как квазигосударственного органа, по ним отдельно работу проводим. То есть с каждым адресно ведется работа. Каждому мы предлагаем выкупить свою квартиру, либо, если у него нет способности (выкупить свою квартиру), тем более в зимний период, чтобы не выводить на улицу, хотя бы заключить с нами договор аренды, который позволял бы нам хотя бы покрывать коммунальные расходы, которые они несут», - сказал он на пресс-конференции 6 декабря.

«Вернее (расходы по обслуживанию 70 квартир, по которым ипотечники перестали платить взносы) несет фонд, чтобы они хотя бы часть бремени взяли. Либо мы готовы с ними адресно по каждому конкретному случаю работать, чтобы они в рамках электронных торгов могли эти квартиры получить», - уточнил Бакберген.

1 июля 2017 года ФПК в рамках оздоровления системообразующего банка АО «Казкоммерцбанк» осуществил выкуп активов АО «БТА» за 2,6 трлн тенге. Полученные от фонда средства БТА направил на погашение своих денежных обязательств перед АО «Казкоммерцбанк». В итоге приобретены права требований на общую сумму 5,5 трлн тенге и в качестве имущества поступило на сумму 772 млрд тенге, преимущественно в виде земельных участков и дочерних организаций АО «Estate Management Company», ТОО «Kazkom Realty» и АО «Аль Сакр Финанс».


228 просмотров

Жол белгілері шымкенттік кәсіпкерлердің табысын азайтып жатыр

Қылмысқа қарсы күрес бизнеске зиянын тигізуде

Фото: Shutterstock

Шымкенттік кәсіпкерлер «тоқтауға болмайды» деген белгілердің қойылуына қарсы. Олардың айтуынша, кафе мен дүкеннің алдына көлік қоюға тыйым салу – кәсіпті шығынға батыратын шара. 

Табыс азайып барады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер Палатасына жеке кәсіпкер Наталья Григор шағымын арқалай келген. Кәсіпкердің айтуынша, сауда нүктелерінің алдына тоқтауға тыйым салатын белгі орнатқалы бері, кәсібі шығынға бата бастаған.
 
«Альянс» сауда қатарының алдында «тоқтауға болмайды» деген белгі тұр. Көлікті қоятын жер жоқ, сондықтан адамдар тоқтамай өтіп кетеді. Содан сауда жоқ, жалға алушылар қиналып кетті. Бұл түйткілдің туындағанына жылға жуықтады. Осы уақытта табысымыздың 15 пайызынан айырылдық», – дейді Наталья Григор. 

Шымкент кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлықпен күрес Кеңесінің төрағасы Мелес Сейітжанов расында шаһарда тұрақ мәселесі күйіп тұрғанын айтады. 

«Көлік қоятын жер жоқ. Оның бір ұшы кәсіпкерлерге тиіп жатыр. Жұмыс орындары қысқарып, салық та төленбей барады. Шымкенттің Айбергенов көшесінде де тура осындай жағдай қалыптасқан», – дейді Мелес Сейітжанов. 

Ұзындығы 450 метр болатын бұл көшенің бойында сұлулық салоны, кафе, азық-түлік дүкендері, нотариус сынды шағын және орта бизнес нысандары орналасқан. 2015 жылы осы жерде сағат 20:00 мен 6:00 арасында ғана уақытша шектеу болатын. Алайда 2019 жылы  оны алып тастаған еді, кәсіпкерлер бірден табыстың төмендегенін байқаған.
 
Ал құқық қорғау мекеме өкілдері бұл халықтың қауіпсіздігін сақтау мен осы жерде күнделікті жалға берілетін пәтерлердің көбеюінен артып кеткен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кептеліс болмас үшін қолға алынған шара екенін айтады. Полиция капитаны Асқар Молдашев Айбергенов көшесінде орнатылған белгілер өз орнында тұр деп есептейді.
 
«Айбергенов көшесіндегі үйлердің бірінші қабатында 5 кафе орналасқан. Кәсіпкерлер палатасы тек кәсіпкерлердің арыз-шағымын қарастырып жатыр. Ал ол жақта тағы да 10 мың тұрғын тұрады. Тоқтауға тыйым салатын белгі қойылғанда, тұрғындар алғысын жаудырды. Әрине, кәсіпкерлердің арқасында қала қазынасы салықпен толығып жатқанын білеміз. Ал осы 10 мың тұрғынның мүддесін кім қорғайды?» – дейді Асқар Молдашев. 

Алайда Палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің отырысына қатысқандар қылмыспен күресудің өзге де жолдары бар деп тұжырымдайды. Ал кептеліске келер болсақ, кеңес мүшелері жолды өлшеп, Айбергенов көшесінде қуатты көлік қозғалысы жоқ екеніне көз жеткізген.

Кеңес мүшесі Владимир Нәкісбаев жол белгілері мен бағдаршамды орналастыру мәселесі бұрындары ғылыми-зерттеу институты деңгейінде зерттелгенін айтып өтті. 

«Бір жағынан, шағын кәсіппен айналысатындардың саудасы жүреді. Екінші жағынан, ол жерге ондаған көлік тоқтайтындықтан, кептелістен өте алмайсың. Күрделі жағдай. Ал комиссия құрдық делік, бірақ белгіні қою-қоймау керектігін анықтауға біліктілігіміз қаншалықты жетеді?» – деп сауал тастайды Нәкісбаев. 

Кеңес мүшелерінің айтуынша, Шымкентте жол белгісін орнату немесе алып тастау қажеттігін анықтайтын жауапты мекеме жоқ. 

«Шымкент қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ІІД әкімшілік басқармасына жүгінуге кеңес берді. 
Олар өз кезегінде энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтейді. Ал ТКШ жол белгілерін реттеу өз құзіретіне кірмейтінін айтады. Нәтижесінде осы мәселені шешу үшін Шымкент қаласының әкімдігіне жүгінуімізге тура келді. Қазір бизнес әкімдік қандай шешім шығаратынын күтіп отыр», – деп айтып өтті Мелес Сейтжанов.
 
Ал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша, бұл мәселе жеке қаралатын болады.  

«Құрамына жергілікті атқарушы мекемелер, полиция мен бизнес өкілдері кіретін комиссия құрамыз. Барлығын жан-жақты зерттеп, ешкімнің мүддесіне қайшы келмейтін шешім шығаруға тырысамыз, – деді спикер.
 
Әзірге аталмыш көшенің бойында орналасқан ШОБ өкілдері қиналмас үшін, аз ғана көліктің тоқтауына рұқсат етілмек.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций