Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


9896 просмотров

ЕБРР и ЕС запускают программу по развитию малого бизнеса в Казахстане

Программа, финансируемая Европейским Союзом, предусматривает внедрение ноу-хау в области финансирования малого и среднего бизнеса

ЕБРР и ЕС запускают программу по развитию малого бизнеса в Казахстане

ЕБРР и ЕС запускают программу по развитию малого бизнеса в Казахстане

ЕБРР и ЕС представили региональную программу по развитию малого бизнеса (РПРМБ) в Центральной Азии, которая направлена на поддержку частных микро-, малых и средних предприятий в Центральной Азии. Программа, финансируемая Европейским Союзом, предусматривает внедрение ноу-хау в области финансирования малого и среднего бизнеса и предоставит финансовым институтам доступ к онлайн-обучению сотрудников. Разработчики также предусмотрели возможность прохождения обучения посредством портативных устройств.

В рамках РПРМБ будет действовать платформа по обмену знаниями для финансовых институтов, предоставляющих финансирование малым и средним предприятиям региона. Местные финансовые институты получат доступ к опыту ЕБРР и к широкому кругу различных тренингов. Консультантом программы является немецкая компания Internationale Projekt Consult Gmbh (IPC), имеющая богатый опыт в создании и реализации проектов учебных программ, связанных с финансированием малых и средних компаний, в том числе в Центральной Азии. Партнером программы станет фонд развития предпринимательства DAMU.

На момент запуска платформа предлагает специализированные тренинги по анализу кредитоспособности МСБ. Для финансовых учреждений уже доступны отдельные элементы программ по обмену знаниями, но инициаторы проекта планируют, что со временем регион получит всеобъемлющую систему онлайн-обучения. До конца второго квартала нынешнего года будут предложены программы онлайн-сертификации сотрудников.

Глава отдела сотрудничества представительства Европейского Союза в РК Йоханнес Стенбек Мадсен, отметил, что «несмотря на то, что для многих европейцев Центральная Азия все еще остается неизведанной частью мира, интересы ЕС в регионе идут рука об руку с интересами правительств стран Центральной Азии и в частности, Казахстана. И реализация проектов Евросоюза в Казахстане требует применения наилучших практик и подходов, наиболее эффективных знаний, доступных в Европе».

По словам директора департамента финансовых институтов ЕБРР в России, Центральной Азии и Монголии Георгия Орлова, «поддержка МСБ всегда была одним из приоритетных направлений работы банка, и одним из самых традиционных направлений финансирования МСБ было кредитоваание через местные банки, а также техническая поддержка. Но насыщение сектора финансовыми ресурсами – это не панацея, уверен эксперт; деньги должны использоваться максимально эффективно и для конечного получателя, и для банков, которые являются проводниками этих средств».

Георгий Орлов

«Программа направлена на улучшение качества технической поддержки. Мы постарались изучить и аккумулировать опыт похожей технической помощи, который мы предоставляли в рамках аналогичных программ в других странах, постарались изучить потребности рынка и пожелания участников», - резюмировал г-н Орлов.

Фото: Олег СПИВАК


82 просмотра

Қазақстан аяқ киім өндірушілері арзан импортпен бәсекелесе алмайды

Олар импортты шектеуді сұрап отыр

Фото: Depositphotos

Қазақстан аяқ киім өндірісінің өкілдері «сырттан келетін арзан өніммен бәсекелесу мүмкін емес» деп мәлімдеп,  ішкі нарықты одан қорғау шараларын қолға алуды сұрайды. Сала өкілдері  импорттық аяқ киім жұбының ең төменгі құнын 20$ сомасында бекітуді ұсынды. 

Импорттың дәурені жүріп тұр

Отандық өндірушілер аяқ киім тасымалдауда демпингке қарсы шараларды қолға алу керек деп тұжырымдайды. «Lux Shoes» ЖШС бас директоры Қайрат Хасанбаевтың пайымдауынша, отандық етікшілердің басты мәселесі –арзан тауардың ішкі нарықты басып қалуы. 
 
Егер, орта есеппен, әр адамға жылына әр маусымға сай 4 жұп аяқ киім керек деп алсақ, отандық нарықтың жылдық сыйымдылығы – 70-80 миллион жұп аяқ киім.  Сырттан келетін тауар өте көп, нарық аузы-мұрнынан шығып жатыр. «Қара» нарықтың үлесі басым болғандықтан, оның нақты көлемін айта алмаймыз»,– дейді Қайрат Хасанбаев. 

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың басында Қазақстанға импортталған аяқ киім өнімдері 96,7%-ды құраған. Шымкент  қаласы кәсіпкерлер палатасының бізге берген дерегіне сүйенсек,  Қазақстанға импортталатын аяқ киімдердің 60%-ы –Қытайдан, 20%-ы –Түркиядан, 10%-ы – Ресейден, қалған  10 пайызы басқа елдерден (оның ішінде, Өзбекстанда бар) тасымалданады. 

Сырттан әкелінетін арзан тауарлармен бәсекеге түсу отандық тауар өндірушілер үшін өте қиын. Өйткені олар өз тауарын өзіндік құнынан төмен сата алмайды. 

«Әлемдік нарықта теріден жасалған туфлидің өзіндік құны 30 доллардан аспайды, яғни, теңгеге айналдырсақ, 12-13 мыңның айналасында шығады. Маржалық табыс та бірдей – 10-15 пайыз. Бөлшек саудада бір жұп туфли орта есеппен 15-20 мың теңгеге сатылады. Ең қымбат деген үлгілері (қыстық) біздің фабрикада 18-20 мың теңге тұрады, ал ең арзаны 10 мың теңге», – дейді тауарларының бағасын айтып өткен Қ. Хасанбаев.  

«20-ның» әсері 

Нарықта бәріне тең жағдай қалыптастыру және отандық өндірушілерді қолдау үшін шымкенттік фабрика басшылығы Түркияның тәжірибесі бойынша, елге құны 20 доллардан төмен былғары аяқ киімді кіргізуге тыйым салуды ұсынып отыр. Сарапшының айтуынша, түріктердің заң жүзінде осындай шектеу қоюы жергілікті аяқ киім өндірісінің дамуына жақсы ықпал еткен. Сонымен қатар, ол көрші Өзбекстанды да мысалға келтірді. Иморттық тауарға кедендік баж салығын көбейту мен басқа да қолдау шаралары нарықтағы отандық өнім үлесін 50-60 пайызға жеткізген. Импорттық тауарларға шекті баға енгізу Қазақстан нарығындағы ахуалды өзгертеді деп тұжырымдайды фабрика директоры. 

Отандық аяқ киім өндірісінің дамуы 50-70 шақты өнімнің: тері-терсек, қалып, ұлтан-табан, қорап, фурнитура өндірісінің көлемін арттырады. Яғни, бір саланы дамытудың мультипликативтік әсері мол.

Кез келген қолдау қажет 

Импорт алмастыру бойынша қолға алынатын тағы бір шаруа – жергілікті өндіріс көлемін арттыру. Сонымен қатар, бизнесмен тауар сертификаттауды міндеттеу қажет деген сенімде. Өйткені қазіргі кезде шеттен әкелінетін тауарлардың басым бөлігі  – сертификаты жоқ, контрафакт өнімдер. Мұндай тауарларға 2019 жылғы 30 шілдеден бастап пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатқан аяқ киім тауарларын таңбалау  шарасы қарсы тұруы тиіс.  Айта кетсек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдегендей, таңбалау  – елге аяқ киімдерді заңсыз әкелу мен қара нарықтағы айналымды азайту үшін қажет. Бұл жобаның да авторы  «Lux Shoes»  фабрикасы. 

Одан бөлек, отандық аяқ киім өндірісінің дамуына кедергі келтіріп тұрған түйткілдерді шешу үшін көптеген шараларды қолға алу керек: ҚҚС-ты 12 пайыздан 8 пайызға төмендету, коммуналдық қызмет ақысын арзандату, мемлекеттік тапсырыс пен ұзақмерзімдік арзан несиемен қамтамасыз ету. 

Компания басшылығы өз ұсыныстарын қордаланған түйкілдерді шешуге ықпал ету және отандық өндірушілерге қолдау көрету өтінішімен  Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолдаған. Осы орайда мамандар олардың мүддесін тұрақты және жан-жақты қорғау үшін, салалық қауымдастық құратын уақыт жеткендігін айтады. Тіпті, аяқ киім өндірісін жеңіл өнеркәсіптен бөліп қарау қажет деп тұжырымдайды. 

Бос кеңістікті жаулап алу 

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы жобаларды қолдау бөлімінің сарапшысы Бауыржан Бердалиев ұсынылып отырған шаралар отандық аяқ киім өндірісінің дамуына ықпал ететініне сенімді. Бұл ретте, сарапшы аяқ киім өндірісіне қажетті құрамдас бөлшектердің бәрі  сырттан әкелінетіндіктен, бұл салалардың бәрі –  қазақстандық кәсіпкерлер үшін бос жатқан ниша екенін айтады.

Осы орайда, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова Өзбекстанды мысалға келтіре отырып, өзіміз  шығара алатын өнімді шетелден тасудың қажеті жоқ дегенді алға тартады. 

«Біздің аяқ киім шығаратын кәсіпорындарымыз ішкі нарықтың сұранысын бар-жоғы 1,5 пайызға қамтамасыз етеді. Яғни, нарықтың 99 пайызы – импорттық тауарлар. Ендеше, осы нарықты неге өз өнімімізбен толтырмасқа? Тіпті, қарапайым сүйретпені сырттан тасымалдаймыз. Оны өзіміз шығара алмаймыз ба? Шығара аламыз.  Алайда олар ешбір салық төлеместен, тең-теңімен сырттан тасымалданатындықтан, арзанға түседі. Ал қазақстандық өндірушіге мұндай тауар шығару ешқандай пайда әкелмейді. Сондықтан олар арнайы киім мен аяқ киім тігіп, мемлекеттік тапсырыстың арқасында күн көріп отыр», – деп атап өтті Любовь Худова. 

Ал Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында  арзан импортпен күресудің бір-ақ жолы бар дейді, ол – тауар сапасын арттыру. Ал өнімнің өзіндік құнын кәсіпорын қуатын арттыру  мен заманауи технологияны қолдану  арқылы төмендетуге болады, аяқ киімді үлкен партиямен шығарған сайын, оның бағасы да арзандайды.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

 

Цифра дня

64-е
место
занял Казахстан по скорости фиксированного интернета в мире

Цитата дня

Популизм – это политика посредственности. Я не раздаю пустых обещаний. Я - человек конкретных дел. Я буду твердо проводить в жизнь свою программу реформ.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank

Вы - главная инвест-идея

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций