Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


1 просмотр

Инновациям дадут больше денег

Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» увеличит финансирование инновационной деятельности в дочерних компаниях. Среди национальных компаний будет проводится ежегодный рейтинг, оценивающий качественные и количественные параметры внедрения инновационных технологий.

Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» увеличит финансирование инновационной деятельности в дочерних компаниях. Среди национальных компаний будет проводится ежегодный рейтинг, оценивающий качественные и количественные параметры внедрения инновационных технологий.

1 ноября председатель Правления ФНБ «Самрук-Казына» Тимур Кулибаев провел рабочее совещание по вопросам развития инноваций в компаниях фонда. В заседании приняли участие заместители председателя Правления, и также руководителия крупнейших национальных компаний.

Внимание к инновационному вопросу в крупнейшем квазигосударственном конгломерате страны было приковано двумя неделями ранее. Тогда Тимур Кулибаев на встрече с независимыми директорами национальных компаний отметил низкий уровень работы в данном направлении. «Мы поняли, что у нас в компаниях инновации не работают вообще, не налажен бизнес-процесс», - отметил он. По словам главы СК, необходимо провести независимую оценку эффективности деятельности советов директоров нацкомпаний. «Такую работу мы уже начали в «КазМунайГазе». Мы хотим, чтобы независимые директора предложили свой опыт по внедрению инноваций», - подчеркнул он.

Во вторник Тимур Кулибаев сообщил о том, что в национальных компаниях созданы научно-технические советы, призванные внедрять инновации. Их решения будут исполняться на опытно-производственных участках, способных создавать опытные образцы инновационной продукции. «При них должны быть мини-лаборатории. Мы должны научиться внедрять новые патенты и технологии, особенно казахстанские, которые сегодня востребованы на экспорт», - отметил глава фонда. Между тем, принято решение направлять на научную работу 10% от чистого дохода национальных компаний – сейчас этот показатель составляет 5-6%. , в 2012 году на разработку и внедрение инноваций компаниями холдинга планируется направить 42 млрд. тенге. К 2015 году инновационный бюджет группы компаний достигнет 72 млрд. тенге.Кроме того, ФНБ должен наращивать сотрудничество с «Назарбаев Университетом» и Специальной экономической зоной «Парк Инновационных Технологий», а также другими научно-техническими учреждениями страны, работающими в сфере интересов группы Фонда. К примеру, большой потенциал имеет сотрудничество с РГП «Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья». Тимур Кулибаев объявил об учреждении стипендии для 20 перспективных молодых казахстанских ученых, разрабатывающих важные для компаний холдинга исследовательские темы, и рекомендовал сделать то же самое руководителям нацкомпаний.

На совещании были отмечены четыре наиболее важные задачи, решение которых необходимо для развития инноваций: привлечение и подготовка соответствующих кадров, эффективное финансирование, развитие инновационной инфраструктуры и, самое главное, формирование в компаниях инновационной культуры. Как стало известно «Къ», в каждой крупной национальной компании определен ответственный за внедрение и развитие инноваций заместитель первого руководителя. Кроме того, ежегодной практикой станет рейтинг инновационностинацкомпаний: в текущем году наиболее активными в этом вопросе признаны «КазахстанТемирЖолы» и «Казатомпром».

Национальный компании смогут стать локомотивами инновационного процесса в стране, если будут привлекать частный сектор к процессу собственной модернизации, считает финансовый директор компании «Строй Логик» Арман Куманов. «Крупные компании могут заказывать отдельные решения мелким подрядчикам, координируя общий процесс», - отмечает он, подчеркивая, что средние предприятия, в свою очередь, могут стать опытной площадкой для апробации инновационных технологий.

Финансовая статистикаСоотношение финансирования НИОКР и чистой прибыли по компаниямСамрук-Казыны в 2010 году составляло около 2,4%, или 8 млрд. тенге. По данным статистики, в целом по стране в прошлом году на научные разработки было направлено порядка 33,5 млрд. тенге. Таким образом, почти четверть всех расходов на научные исследования в Казахстане приходится на шесть компаний Фонда.

103 просмотра

Қазақстан сүт зауыттары шикізат тапшылығын сезінуі мүмкін

Өйткені қайта өңдеуге тапсырылатын сүттің тең жартысы Кедендік одақ техникалық талаптарына сай емес

Фото: Shutterstock

2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанға аталмыш саланы ретке келтіру үшін берілген мерзім бітеді. Содан кейін стандартқа сай келмейтін сүт қабылданбайды. 

Тұяқ серпіп үлгермейсің...

Негізінде, өнім құрамы мен тазалығына қойылатын талаптар, шикізат жинаудың бекітілген ережесі бар. Кәсіпорындар мен жеткізушілер 2018 жылдан осы стандарттар бойынша жұмыс істеуі керек еді. Алайда бұл реформа тағы да 2 жылға шегерілген болатын.

Бұл туралы Қазақстан сүт одағының Павлодарға жұмыс сапарымен келген мамандары ескертті. Шикізат стандартқа сай болу үшін қорадағы малды қалай жемдеп-бағуды, оның сүтін жинау мен сақтау тәртібін үйрететін жол картасын әзірлеген. 

Қазақстан сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников БАҚ-қа арналған брифинг барысында:

«Аталмыш жол картасы өңделетін сүттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық шараларды қамтыған. Бұл – біздің саладағы басты талап.  Ал талапқа сай келмейтін шикізатты сүт өңдейтін кәсіпорындарға қабылдай алмаймыз», – деп мәлімдеді.

«Тұтынушылар таңдауын анықтайтын зерттеу нәтижесі тұрғындардың 34 пайызы қолдың сүтін еш алаңсыз пайдалана беретінін көрсетті. Ал оңтүстік аймақтарда халықтың 44 пайызы жеке қосалқы шаруашылықта сауылған сүттің сапалы екеніне сенімді. Яғни, көпшілік өңделмеген өнімді тұтынады деген сөз. Жол бойында сатылған сүтті алсаңыз, оның қандай жағдайда сауылғаны, қалай сақталғаны, қалай жеткізілгені белгісіз. Қазір далада күн ыстық, 38 градустан асады, ал әйелдер көшеде сүт сатып отыр»,– дейді жол картасының үйлестірушісі Сәуле Жанкина. 

Ал «Молсервис» ЖШС-нің директоры Сергей Чепурконың айтуынша, Кедендік одақтың стандарттары оған дайын емес шикізат жеткізушілерін тығырыққа тіреуі мүмкін. Қайта өңдеуші кәсіпорындар қазірдің өзінде тек үлкен қожалықтармен әріптестік орнатқанды жөн көріп, жеке шаруалармен жұмыс істеуден бас тартып жатыр. 

«Соңғы жылдары біздің компания бұндай проблемаларға тап болған жоқ, өйткені біз сенімді жеткізушілермен жұмыс істейміз. Егер бұрын шикізаттың жартысы ЖШС-лардан, жартысы жеке қосалқы шаруашылықтардан келсе, қазіргі кезде олардың үлесі 25% ғана», – дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар ауылшаруашылық кооперативтерінің құрылуы шикізат сапасын арттыруға жасалған жақсы қадам деп пайымдайды кәсіпкер. Алайда бұл жерде тірліктің бәрі басшылардың кәсіби біліктілігіне келіп тіреледі.     

«Бұл өзгеріске дайын болмағандардың бәрінде өнімді өткізу тұрғысынан қиындық туындайды. Олар сүтті сатып ала салып, өткізіп, бірден ақшасын аламыз деп ойлайды. Бірақ бәрі оңай емес. Бірнеше жыл бұрын жекізушілермен үлкен қиындықтар болған еді. Сапасыз өнімді қабылдамай, сүт таситын көлікті қайтарып жіберіп отырдық. Соның бәрі жеке үйлерден жиналған сүт болатын», – дейді Сергей Чепурко.

Ауыл сүтті көп бере ме? 

Қазақстан сүт одағының мәліметтері бойынша, бүгінде елімізде сатылатын 1,5 млн тонна сүттің 77% -ын ұсақ шаруашылықтар өндіреді. Егер үлкен қожалықтардан алынатын сүтке ешқандай шағым болмаса, жеке мал ұстайтындарға айтылатыны жеткілікті. Өндірілетін шикізаттың шамамен 700 мың тоннасынан түрлі  кемшілік табылады, кейбірінде микробиологиялық көрсеткіштер жоғары болса, екіншісінен антибиотиктер табылған. Шикізат сапасына ауыл арасының алшақтығы, сүт жинау желісінің дамымауы, мамандар тапшылығы, ақыр аяғы сүт тапсырушылардың сауатсыздығы кері әсер етеді. 

Қазақстан Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, тағы бір үлкен мәселе – жазда сүт зауыттарына сүт артығымен жеткізілсе, қыста олар шикізаттан қысылады. Нәтижесінде зауыттар құрғақ сүт ұнтағына тәуелді, оның 90 пайызы  шетелден жеткізіледі. 

Жеке қосалқы шаруашылықтардың басын  кооперативтерге біріктіру кедендік одақтың техникалық талаптарына сай болуға ықпал етеді деп тұжырымдайды сүт одағының өкілдері. Қарағанды облысында осындай кооперативке бас біріктірудің жарқын мысалы бар. Айталық, «Нәтиже» ЖШС облыста 30-ға жуық сүт қабылдау пункті желісін құрған. Қабылдау пункттерінде сүт дереу сүзіліп, салқындатылады да,  оның тазалығы, сапасы тексеріледі, содан кейін кедендік одақ талаптарын сай, арнайы ыдыстарда зауытқа жеткізіледі.

«Егер сүт сапасыз болса, техникалық талаптар енгізе саласымен, шығынға батамыз. Сондықтан біз сүт тапсырушыларға шикізат сапасына қандай талаптар қойылатынын түсіндіріп, арнайы сүт қабылдау орындарын құрып жатырмыз. Бұл істен оң нәтиже шығады деп үміттенеміз»,– дейді «Нәтиже» ЖШС-нің директоры Дәулетбек Акпар. 

Оның айтуынша, әзірге айына 3-4 рет тапсырылатын сүт сапасы қойылатын талапқа сай болмай шығады.

Ал Жаманжол ауылының тұрғыны Светлана Мокишина 20 жылдан бері сүт өткізіп келеді. Оның айтуынша кооператив құрылғалы бері, өткізілетін сүтке қойылатын талап қатайған, дегенмен өз шикізатын тұрақты тапсырып тұруға мүдделі жергілікті тұрғындар бұл талаптарға тез бейімделіпті.

«Сүттің тексерістен өтпей қалуы сирек кездеседі, қойылатын талаптар да аса қиын емес, ең бастысы – тазалық сақталып, сүт беретін мал сау болса болғаны», – дейді Светлана Мокишина.

Дегенмен Сүт одағы өкілдерінің деректеріне жүгінсек, жеке шаруашылық иелері кооперативке кіруге аса құлықты емес. «Ауыл сүті» ЖШС директоры Қанат Әбдіғалиевтің пікірінше, оған халықтың бұндай бірлестіктің артықшылығы туралы хабарсыздығы себеп.

«Тұрғындарға кооперативтің не екенін, оған арнайы субсидия бөлінетінін, әр литр сүттен 10 теңге кооперативке қайтатынын түсіндіру керек. Бұл да ынталандыратын фактор.  Бағдарлама шыққанымен, ол туралы нақты ақпарат сүт тапсырушыларға жетпей жатыр», – деп пайымдайды Қанат Әбдіғалиев.

Ақпараттық технологиялардың көмегі 

Қазіргі кезде өндірушілер Collect mobile қосымшасын пайдалана бастаған. 

«Бұл қосымша сүт өнімділігіне әсер ететін факторларды анықтауға және сүт тапсырушылардың көрсеткіштерін бір жерге жинақтауға мүмкіндік беріп, қайта өңдеушілерге өз жұмысын дұрыс жопарлауға көмектеседі. Мәселен, осы ауданда сүтті сиырлар азайып бара жатса, олар мал тұқымын асылдандырады. Бұл өз кезегінде сүт тапсырушылардың шикізаты көбейіп, табысының артуына ықпал етеді», –деп түсіндірді БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының агроөнеркәсіп бойынша экономисті (FAO) Инна Пунда.

Инна Пунданың айтуынша, бұл ноу-хаудың  басты міндеті – сүт өндірісі тізбегін «тапсырушы-өндірушіге» дейін қысқарту. 

«Қазіргі кезде сүт өндірісі тізбегінде сүт тапсырушылар мен зауыт емес, алыпсатарлар жақсы пайда тауып отырғаны айқын. Өкінішке қарай, алыпсатарлықтың арқасында күніне бірнеше мың доллар табатындар бар. Олар шаруалардың хабарсыздығын пайдаланып, зауытты шикізатқа тәуелді етіп, өз ойларындағы бағаны қоюға мүдделі»,– деп тұжырымдайды сарапшы.
 

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

svadba.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций