Российский чиновник застрелился в московском суде

Ему вынесли обвинительный приговор

Фото: Shutterstock

Бывший начальник одного из управлений Федеральной службы исполнения наказаний (ФСИН) Виктор Свиридов покончил с собой в зале Чертановского суда Москвы. Об этом сообщает РИА Новости.

ЧП произошло после того, как судья огласил назначенное наказание.

По словам пресс-секретаря Мосгорсуда Ульяны Солоповой, Свиридова признали виновным в вымогательстве в особо крупном размере и приговорили к наказанию ниже низшего предела — трем годам с отбыванием в колонии строгого режима. По данной статье может грозить от 7 до 15 лет лишения свободы.

На месте ЧП работают полицейские и сотрудники следственного комитета.

«Обстоятельства, при которых подсудимый, который находился под подпиской о невыезде, пронес в здание суда оружие, в настоящее время устанавливаются», — добавила Солопова.

По данным Mash, экс-начальник управления ФСИН пронес в зал свой наградной пистолет, несмотря на рамки металлодетектора и проверку на входе. 

В СК сообщили о проверке обстоятельств происшествия. Следователи «проверят обеспечение режима безопасности в суде, в ближайшее время будет решен вопрос о возбуждении уголовного дела».

banner_wsj.gif

139 просмотров

Жапония коронавирусты карантинсіз қалай жеңді?

Күштеп қамап ұстамай-ақ, төтенше жағдайды тоқтатқан елдің сыры неде?

Фото:shutterstock.com

25 мамыр күні Жапонияда төтенше жағдай режимі ресми түрде тоқтатылғаны туралы премьер-министр Синдзо Абэ мәлімдеді. Бұл елде ТЖ сәуірде жарияланған. Осынша қысқа уақыт ішінде коронавирусты жеңудің қандай құпиясы бар? Шыны керек, шаралары таң қалдырады. Ешкімді қамап ұстамастан, COVID-пен күрес орталықтарын ашпастан қалай жеңіске жетуге болады? 

Алдымен елдегі ТЖ туралы. Жапонияда халық көшеде  емін-еркін жүрді. Мейрамханалардың есігі ашық. Мақтауға тұрарлық күрес әдісін көрсеткен Оңтүстік Корея секілді адамдардың «аңдитын» қосымшаларды да қолданбаған. Айтқандай, арнайы орталық та жоқ. Барынша көп тест тапсырту арқылы да алдын алмаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай тест сынамасын жасатуға қанша жерден үгіттесе де, жапон билігі халқының бар болғаны 0,2 пайызынан алдырған. Тестті халықтың мына үш категориясына ғана жасаған: эпидемиологиялық ахуалы ауыр елдерден келгендерге, ауырғандардың бірімен жақын байланысқандарға және дене қызуы төрт күннен бері 37,5-тен түспей, ауру белгілері байқалғандарға.  

Жалпы бүгінге дейін Жапонияда 16 550 адам жұқтырған. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті жариялады. Соның ішінде 820-сы қайтыс болған. Бұл дегеніңіз — G7 елдері бойынша ең төменгі көрсеткіш.  

Ендеше бұл жерде қандай құпия бар? Осыны анықтауға келгенде мамандар ойы сан-саққа жүгірген. Бұл тақырыпта талас та көп. Коронавирус ошағы Қытайға жақын тұрса да төмен көрсеткіш көрсеткенінің себебін анықтау — расында да көпшілікке қызық. Әрі бұл елде қарттардың саны да басым. Васэда университетінің профессоры Микихито Танаканың айтуынша, «өлім көрсеткішіне қарап-ақ, Жапонияның сәтті жұмыс атқарғанын білуге болады». Әйтсе де, сарапшылардың өзі нендей сыр жатқанын білмейді. 

Эксперттердің сан алуан пікірі барын айттық. Бірнешеуіне тоқтала кетейік. Бұл елдің азаматтарында бұрыннан медициналық бетперде кию мәдениеті қалыптасқан. Өйткені мұнда ауырғанына байланысты жұмыстан сұрану деген жоқ. Сондықтан тұмау тиіп, түшкіріп жатсаңыз да, жұмысқа барасыз. Бірақ басқаларға жұқтырмас үшін міндетті түрде бетперде тағуыңыз қажет.

Diamond Princess круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандарды емдеумен айналысып көзге түскен де Жапония болатын. Негізі Йокогама портына барып тірелуі тиіс кемеде вирус жұқтырғандар бары анықталған. Ішінде 3700 жолаушы мен эпикаж мүшесі болған еді. Сөйтіп барлығы бір лайнерге «қамалған».


Жапондардың денсаулығы, көп салмақ қоспайтыны да бір себеп ретінде айтылыпты. Егде жастағылар онсыз да жырақта өмір сүреді екен. Біріншіден, індет тез тарайтын ірі қалаларда ата-әжесімен тұратындар аз. Орта есеппен алғанда жас жапон азаматы ауылдағы ағайынмен жылына әрі кетсе екі рет жүздеседі. Ауырған жағдайда да баласы не немересі емес, өзімен қатарлас жұбайы жанында болады деседі.      

Қол алысып амандасу — іскерлік кездесуде болмаса, былай дәстүрінде жоқ амал. Ал енді біреулер мектептерді дер кезінде, ертерек жапқанының пайдасы тигенін тілге тиек етіпті. Бірақ айтылған себептердің ішінде «дәл осы үлгіні қолдану арқылы жеңуге болады» деу қиын болып тұр.  

Әу бастан сарапшылар тұрғындарға жабық кеңістікте, адам көп жерде жүрмеуге шақырған. Сонымен бірге тығыз байланыстың да салдары ауыр екенін ескерткен. Сөйте тұра тыйым салып, үйге қамаған жоқ.

«Әлеуметтік арақашықтық әдісінің көмегі тиюі мүмкін. Бірақ одан қалыпты әлеуметтік өмір салты ұстанылмайды. Жабық және халық тығыз жерде жүрмей, көпшілікпен байланысқа аз түскеннің әсері бірдей болады»,- дейді Хоккайдо университетінің профессоры Судзуки.  

Коронавирус жұқтырғандар көбейе бастаған тұста жапондықтар олардың кіммен байланысқанын дереу анықтап отырды. Бұл әдісті олар қаңтарда, вирус пайда болған кезде қолдана бастаған. Негізі Жапонияда қоғамдық денсаулық сақтау орталықтары бұрыннан жұмыс істейді. Ол жерлерде әдетте тұмау мен туберкулез сынды ауру түрлерін жұқтырғандардың кіммен байланысқа түскені анықталып отырады. Бұл қазіргі COVID-пен күрес орталығы іспеттес. 

Жапон халқының маңызды мәдени факторының бірі — айналасындағылар алдындағы жауапкершілік. Әсіресе пандемияда мұның пайдасы орасан.

Токиода тұратын мәдениеттанушы Юлия Стоногина «РГ» редакциясына берген сұхбатында «Үкіметтің мәлімдемесі болсын, Денсаулық сақтау министрлігі кеңесі болсын — ешқайсысына халық бей-жай қарамады. Барлығы жаппай тазалық режимін іске қосты. «Угай, тэ-арай, суймин» дейтін үш ереже бар. Яғни ауызды шаю,қолды жуу, ұйқыны қандыру».

Ұрпақтан ұрпаққа осы ереже таралып отырады. Алғашқы екеуі вирусқа қарсы күреске көмектессе, соңғысы рухани саулыққа, иммунитетті көтеруге көмектеседі деседі» деген екен. Айтқандай, нақты әдісі әлі де жұмбақ кейде қалып отыр. Дегенмен статистика солай дейді. 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg