Қытайда коронавирустан 80 адам қайтыс болды

Жарияланды
Ал инфекция жұқтырғандардың саны 2,7 мыңға жетті

Коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмониядан өткен тәулікте 24 адам қайтыс болып, құрбан болғандардың жалпы саны 80-ге жетті деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 

ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің деректері бойынша, көз жұмған науқастардың көпшілігі – аурудың таралу ошағы болып тұрған Ухань қаласының, Хубэй провинциясының тұрғындары. 

Коронавирусты жұқтырғандардың саны ел бойынша 2 794 адамға жеткен, өткен тәулікте 769 кісінің жаңадан инфекция жұқтырғаны анықталған. Соның ішінде, 2 адам аурудан толық жазылып, ауруханадан шығарылған. 

Сонымен қатар, Гонконгте – 8 адам, Макаода –5, Тайваньда 4 адам осы инфекцияны жұқтырғаны анықталып отыр. 

ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша, Таиландта 7 адам, Австралия мен Сингапурда – 4, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия мен Франция, АҚШ-та – 3, Вьетнамда –2, Непалда бір кісі инфекция жұқтырған. 

Сондай-ақ оқыңыз