Трампқа импичмент жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
Сенат істі 2020 жылғы қаңтарда қарастырады

Дональд Трамп АҚШ тарихында конгресттің Өкілдер платасы импичмент жариялаған үшінші президент атанды. Енді Трамптың өз міндеттерін жалғастыруы жөніндегі мәселені 2020 жылғы қаңтарда сенат шешуі тиіс. Бұл турасында Би-би-си хабарлады.

Конгрессте тағылған екі айыптың әр қайсысы бойынша екі дауыс беру өтті. Билікті теріс пайдалану бабы импичмент үшін конгрессмендердің 230 дауысын жинап, 197 конгрессмен қарсы дауыс берді. Конгресс жұмысына кедергі келтіру туралы бап импичмент үшін 229 дауыс жинаса, 198 дауыс оған қарсы болды. Ал импичмент жариялауға айып тағылған екі бабтың кез келгені бойынша 216 дауыс жинау жеткілікті болатын.

Дауыс беру қарсаңында Өкілдер палатасындағы демократтар Дональд Трампты биліктен кетіруге талпынудан бас тартпайтындарын білдірді. Айтпақшы, бұл дауыс беру Құрама Штаттар президенті өзінің постынан кету керек дегенді білдірмейді, сонымен қатар, ресми жарияланған импичмент оның келесі мерзімге президент болып сайлануына кедергі келтіре алмайды.

Өткен дүйсенбіде демократтар конгресте 658-беттік баяндама жариялап, президентті парақорлық және Украина президентін АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденге қарсы тергеу бастауға мәжбүрледі, деп айыптаған болатын.
 

Бұдан бұрын Трамптың импичменті туралы не білу керектігі хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз