Қазақстанда банктер жеткілікті ме?

Опубликовано (обновлено )
ТМД елдеріндегі екінші деңгейлі банктердің жан басына шаққандағы тығыздығы

Қазақстанда іс қатарындағы ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) санының қысқару үрдісі байқалады. Елімізде 2016 жылдың басынан бастап жеті банк лицензиясынан айырылды. Осыған қарамастан, кейбір сарапшылар ҚР-да «банктер тым көп» деп санайды. ТМД елдерінің банк саласындағы мән-жайды Kursiv Research анықтады.

ТМД елдері арасында халық санына қатысты банктердің ең көбісі Арменияда шоғырланған. Армения Орталық банкінің мәліметінше, қазіргі уақытта 2,94 млн тұрғынға 17 банк қызмет көрсетеді. Яғни, мұнда бір банкке 172,65 мың адам немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 0,58 банк келеді.

Жақында Орталық банк кеңесінің мүшелігіне кандидат Мартин Галстян: «Елдегі банк жүйесі тұрақты және капиталдандырылған, қызмет көрсетулер қолжетімді, ал бәсекелестіктің есебінен мөлшерлемелер мен айырмалардың (спрэдтердің) төмендеуі және қызмет өнімділігінің өсуі байқалады» — деп айтқан болатын.

Оның айтуынша, Армения банктік дағдарысқа ұшырамаған және бірде-бір банк төлем қабілеттілігі мәселесіне душар болмаған, ал жүргізілген реформалар есебінен көрсеткіштер теңдессіз, бұрын-соңды қайталанбаған болып келеді, өйткені активтердің ЖІӨ-ге қатынасы 80% — ды құрап отырса, ал несиелердің/салымдардың ЖІӨ-ге қатысты бұл көрсеткіші 45% — ға жетіп отыр.

Банк саласынының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мақсатында осы жылдың жазында Арменияның банктеріне жеке тұлға болып табылатын қарыз алушылардың айыппұлдары мен төлемдерді кешіктіргені үшін салынатын өсімпұлдарын кешіруге рұқсат берілді.

ЕДБ тығыздығы жағынан екінші орынды Қырғызстан еншілеп отыр. Қырғызстанның 6,15 млн тұрғынына екінші деңгейлі 25 банк пен коммерциялық банктердің 320 бөлімшелері қызмет көрсетеді. Мұнда бір қаржы институтына 246,1 мың тұрғын немесе 100 мың адамға 0,41 банк келеді. ҚР ҰБ мәліметтері бойынша 2018 жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде банк саласының жиынтық активтері жыл басынан 6,8% — ға артып, 211,4 млрд сомды құрады. Аталмыш саланың несие қоржынының көлемі 119,6 млрд сомды құраса, жыл басынан бері өсім 10,4%-ға жетіп отыр. Банк саласының жалпы депозиттік базасы жыл басынан бері 5,5%-ға ұлғайып, 128,3 млрд сомға дейін жетті.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер ішінде ЕДБ тығыздығының көрсеткіші бойынша Ресей үшінші орынға орналасқан. РФ ОБ деректері бойынша, елде екінші деңгейлі 512 банк жұмыс істейді. Worldpopulationreview.com статистикасына сәйкес, бүгінде Ресей халқы 143,96 млн адамды құрайды. 100 мың адамға 0,36 банк тиесілі, бір банк 281,17 мың адамды қамтиды.

2001 жылдан бастап Ресейдегі банктер саны жыл сайын қысқарып келеді. Мәселен, он жыл ішінде елдегі ЕДБ саны екі есеге азайған. Жыл басынан бері 49 қаржы институты лицензиясынан айырылды. Fitch бірнеше жыл ішінде банктер санын 300-ге дейін қысқарту мүмкіндігін болжап отыр. Сондай-ақ, агенттік Ресей экономикасы үшін 50 банк жеткілікті деп есептейді.

2016 жылғы девальвациялық үдерістен кейін Әзірбайжанда несиелік ұйымдар саны 32-ге дейін қысқарып, 11 банк жабылды. Бүгінгі күні елде 9,95 млн адамға 30 екінші деңгейлі банк қызмет көрсетеді. Бір банк орта есеппен 331,52 мың адамды қамтиды, ал 100 мың адамға 0,3 ЕДБ келеді. Әзірбайжан Республикасының банк саласын қайта құрылымдау туралы әңгімелер бірнеше жылдар бойы айтылып келе жатыр.

Бүгінгі таңда Әзірбайжан банктерінің жағдайы мәз емес, оның басты себебі: ахуалды несиелердің көп болуы. Қазіргі уақытта бірқатар банктер банкротқа ұшырауда, алайда оларды лицензиядан әлі айырған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, егер мемлекет пен Әзірбайжан Орталық банкі төрт жылға созылған банк саласын қалпына келтіру үдерісіне қаржы бөлмесе, елдің қаржылық институттары құнсыздану салдарына төтеп бере алмайды.

Бүгінгі таңда Беларусьте MFI (Monetary financial institutions) 28 мекемесі бар. Олар 25 банк және жиынтық активтері шамамен $30 млрд болатын үш банктік емес кредиттік-қаржылық ұйымдар (БКҚҰ). Бұл — мемлекеттік банктер, ресейлік коммерциялық банктердің бөлімшелері, шетелдік капиталы бар банктер және белорусьтік коммерциялық банктер. Барлық операциялардың ең көп үлесін мемлекеттік Беларусь банкі атқарады: оның активтері мемлекеттік банк жүйесінің шамамен 42%-ын құрап отыр. Жалпы, мемлекетте бір қаржы институтына 337,46 мың тұрғыннан келеді екен.

БР Ұлттық банкінің деректері бойынша, бүгінгі таңда төрт банкке банкроттық қауіп төніп отыр немесе олар таратылып тасталуы мүмкін. Осыған қарамастан, елдің қаржы саласы салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді.

Молдовада 4 млн тұрғынға 11 лицензияланған екінші деңгейлі банк қызмет көрсетеді. Өткен жылдың соңында жойылу үрдісінен тағы тоғыз ЕДБ өткен болатын. Банктердің тығыздығы 100 мың адамға шаққанда 0,27 ұйымды құрайды, бір банк 367,17 мың халықты қамтиды. Бұған дейін елдің қаржы саласы ірі банктік алаяқтық салдарынан зардап шекті – 2014 жылы үш молдавиялық банктен $1 млрд жоғалып кеткен еді. Бүгінгі таңда Орталық банк банк саласының толықтай қалпына келтірілгені туралы мәлімдейді.

Украинада 82 банк жұмыс істейді. Ел халқы 43,96 млн адамды құрайды, бір банк орта есеппен 536,11 мың адамды қамтиды. Украинадағы 100 мың тұрғынға 0,19 банктен тиесілі. Украинада қызмет көрсетілмеген несиелердің 90-95 % иемденіп отырған 98 банк төрт жыл ішінде жойылды.

Ел президенті Петр Порошенко тазалаудан кейін банк саласының тұрақтанғанына сенімді екенін білдірді. Оның айтуынша, Украина банктері жабылуды тоқтатып, енді пайда көріп отыр. 2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша банк жүйесі 8,7 млрд гривен пайда тапты, бұл Украина банктерінің рекордты жетістігі болды (қазіргі бағам -АҚШ доллары үшін 28,09 гривен).

Тәжікстанда халыққа қатысты банктердің тығыздығы 9,15 млн адамға шаққанда 17 банк немесе 100 мың адамға шаққанда 0,19 банкті құрайды. Соңғы 12 айда Тәжікстанда бір жаңа банк – «Тәжікстан Коммерцбанкі» ААҚ құрылды. Бұрын елде тұтынушылар алдындағы міндеттемелердің орындалмауына байланысты екінші деңгейдегі екі банк таратылған болатын.

Қазақстан «достастық» елдері арасында екінші деңгейлі банктердің тығыздығы бойынша соңынан санағанда екінші болып шықты. Бүгінгі күні үш қаржы мекемесі таратылу жағдайында, екі ірі банк біріктіріліп отыр. Нәтижесінде, елде іс жүзінде жұмыс істейтін банктер саны – 28. Бір банк орта есеппен 658,92 мың адамға қызмет көрсетеді, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда – 0,15 ЕДБ келеді. Сарапшылар елдегі банктердің қазіргі санын айтарлықтай маңызды деп санамайды және нарықтың одан әрі іріктелуін болжап отыр.

Өзбекстанда да Қазақстандағы секілді 28 банк жұмыс істейді. Алайда, ел халқы айтарлықтай көп – 32,47 млн адам, яғни бір қаржы институты орта есеппен 1,16 млн адамды қамтиды. Банктердің тығыздығы 100 мың тұрғынға шаққанда 0,09 ұйымды құрайды. Moody’s Өзбекстанның банк саласы бойынша тұрақты болжамын сақтап келеді. Moody’s сарапшылары банк активтерінің сапасы жақсы болып қалады, ахуалды несиелердің үлесі экономика өсуінің, инфляцияның төмендеуінің және несиелендірудің жылдам өсуінің (2018 жылы 30-40%) арқасында бұрынғы деңгейде сақталады деп болжайды.

Банки ипотеки люлди проценты каз-01.jpg

Читайте также