Перейти к основному содержанию

2788 просмотров

Он мың теңгемен қалай бизнес бастауға болады

Екібастұздық кәсіпкер бөдене өсіруден табыс табудың құпиясымен бөлісті

Осыдан екі жыл бұрын Екібастұз қаласының тұрғыны Евгения Шелудько бала тәрбиелеп, үй шаруашылығымен айналысатын. Ал бүгінде ол – табысты кәсіпкер. Ойламаған жерден бизнес бастаған екібастұздық тұрғын қазіргі таңда бөдене өсіріп, оның жұмыртқасы мен етінен нәпақа тауып отыр.

Ойда жоқта басталған бизнес

«Менің алғашқы мамандығым – фельдшер. Бірақ мамандығым бойынша жұмыс істеудің мүмкіндігі болмады. Кейін жергілікті колледждердің бірінде хатшы-референт мамандығы бойынша білім алуды шештім. Бір күні оқытушымыз «Startup Bolashak» республикалық байқауына қатысып, жоба жасауды тапсырды. Содан планетарий салуды ойладым (күліп). Бірақ сол кезде бұл идеяның болашағы бұлыңғыр екені мені алаңдатқан жоқ. Байқау талаптары бойынша жоба қағаз бетінде ғана емес, іс жүзінде орындалуы тиіс болғандықтан, ойымды «жерге түсіріп», құс фабрикасын ашуға қатысты жоба әзірледім», - дейді Евгения Шелудько.

Бірақ тауық өсіру туралы ойы да ұзаққа бармады. Ғаламтордағы ақпараттарды зерделеді, жергілікті нарықты талдады. Содан Екібастұзда тауық жұмыртқасы жеткілікті екенін байқап, әуелгі ойынан бас тартты. Сол тұста Ресейдің Алтай өлкесінде тұратын әкесінің аулада бірнеше бөдене ұстайтыны еске түсті. Сөйтіп, тұтынушылар тарапынан сұранысы жоғары бөдене жұмыртқасын сатуға кіріседі.

Сынақ ретінде өткен жылдың наурыз айында 10 мың теңгеге Нұр-Сұлтан қаласынан 2 мың бөдене жұмыртқасын сатып алып, Ұлыстың Ұлы күні Орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды. Тауар әп-сәтте сатылып кетті. Бұл саудадан түскен 18 мың теңгенің 10 мың теңгесіне инкубатор, қалған қаржыға 150 инкубациялық жұмыртқа сатып алды. Жеке ғимарат та, оны жалға алатын қаражат та болмағандықтан, алғашқы бөденелер екі бөлмелі пәтерінде пайда болды. Уақыт өте келе пәтер тарлық етіп, Евгения кәсібін кеңейтудің амалдарын ойластыра бастады.

«Бастапқыда бөдене өсіру ісі мен үшін табыс табудың кілті емес, құмар ойын іспетті болды. Бір қиындықты еңсеріп, келесі кезеңге өткен соң, одан да суырылып, алға ұмтылғым келді. Осылайша, таныстарымның жер үйіндегі бос ғимаратты инкубаторлық орталыққа айналдырдық. Нәтижесінде, 150 жұмыртқадан 120 балапан алдық. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мұндай жетістікке жетуім мені одан ары ынталандырды. Бизнесті дамытқым келді. Сондықтан өзіміздің гаражды босатып, оны инкубаторға сай етіп жабдықтауға тура келді. Қазір мұнда 600 бөдене бар», - дейді кәсіпкер.

«Бағдарламалар маған арналғандай»

Осылайша, 10 мың теңгеден басталған сауда-саттық шағын бизнеске ұласты. Бүгінде аптасына 5 мыңға жуық жұмыртқа алады. Алдағы уақытта құстың санын 20 мың басқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Жалпы, бөдененің балапаны жұмыртқадан жарып шыққаннан соң, 45-60 күннен кейін, өзі де жұмыртқалай бастайды екен. «Наш продукт» жеке кәсіпкерлігінің өнімдері Екібастұз қаласындағы 20-дан астам және Павлодардағы 10-жуық дүкен мен сауда желілерінде сатылады.

Бөдененің жұмыртқасынан бөлек, етін де сатылымға шығарды. Құсты 5-6 айында сойып, мейрамханалар мен бірқатар сауда орнына жеткізеді. Алдағы уақытта еттің көлемін ұлғайтып, жұмыртқаның бірнеше түрін дүкен сөрелеріне қоюды жоспарлап отыр.

«Жұмыртқаны шикідей ғана емес, маринадталған түрінде тұтынушыға ұсыну ойымызда бар. Жасап та көрдік. Көрмелерде дәмін татқандар ұнатты. Жалпы, төрт түрін жасауды үйрендік. Қақталған, аскөкпен маринадталған, күлгін түсті және ащы түрін шығармақпыз. Оны сатылымға шығару үшін арнайы сертификат қажет. Ол үшін талапқа сай жабдықталған асханалық бөлме болуы тиіс. Бұл ойымызды іске асыруда Екібастұз қаласының басшылығы көмектеспек. Жақында шаһарымызда құрылатын шағын индустриялық аймақтан жеке ғимарат берілетін болды», - дейді «Наш продукт» жеке кәсіпкерлігінің директоры.

acba5881e247573903b998095d66b2d9_XL.jpg

Евгения Шелудько кәсібінің өрге өрлеуіне мемлекеттік бағдарламалардың да оң әсері тиіпті. Былтыр жас кәсіпкер «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау» оқыту курсында білім алды. Кейін, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бизнес кеңесші», «Іскерлік байланыстар» жобаларына қатысып, кәсіп жүргізудің, әріптестік байланыс орнатудың қыр-сырын үйренді.

«Мен «мемлекеттік бағдарламалар маған арналып жасалғандай» деп жиі айтамын. Себебі, алғашқы капиталсыз-ақ бизнес бастауыма мүмкіндік берді. «Бастау» арқылы оқып, жобамды сәтті қорғаған соң, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грантқа ие болдым. Бұл сомаға бөдененің жұмыртқасы мен етін сақтайтын екі тоңазытқыш сатып алдым. Осы уақытқа дейін бизнесім үшін несие алған емеспін. Мемлекеттік бағдарламалар, жергілікті әкімдіктіктің қолдауымен кәсібімді дөңгелетіп отырмын», - дейді Евгения Шелудько.

Бүгінде кәсіпкердің Екібастұз және Қарағанды қалаларында екі базасы бар. Алғашқысы 600 бас бөденеге, екіншісі 2500 бөденеге арналған. Жеммен қамтиамасыз ететін компаниялармен де, жұмыртқа мен ет өнімдерін өткізетін дүкендермен де, мейрамханалармен де берік байланыс орнатылған.

Ал осының барлығы, 10 мың теңгеге сатып алған бөдене жұмыртқасынан басталған еді...

1 просмотр

Как зарабатывают на новогодних праздниках в казахстанской глубинке

За несколько декабрьских дней event-агентства могут получить месячный доход

Фото: Pixabay

Они создают настроение и ощущение чего-то волшебного – ведущие, аниматоры, дизайнеры и декораторы.  Новый год для них – горячая пора, к которой начинают готовиться за несколько месяцев.  Сколько и на чем зарабатывают event-агентства, выяснял «Курсив».

Усиленный режим  

В Караганде существуют несколько десятков event-агентств. Одни специализируются на проведении масштабных шоу, другие - на детских праздниках, третьи – на самых разнообразных мероприятиях. Объединяет их то, что под Новый год все они переходят на усиленный режим. Именно в этот период времени у них появляется возможность заработать за несколько дней больше, чем за некоторые месяцы.   

Агентство «Happy Holiday» предлагает корпоративным клиентам праздник под ключ - специалисты возьмут на себя оформление, устроят фотозоны, встретят гостей, найдут ведущего, обеспечат музыкальное сопровождение и шоу-программу. В зависимости от насыщенности вечера стоить это будет от 500 тыс. тенге до 2- 3 млн, не включая оплату аренды ресторана. 

«Сейчас корпоративов под ключ стало меньше, потому что каждый ресторан предлагает свою программу. Мы уже работаем непосредственно с заведением. Естественно, каждый год стараемся предложить что-то новое для гостей. В этом году, например, у нас появились зеркальные люди, которые встречают гостей», - рассказывает директор агентства Ирина Хмырова.  

Для детей продавцы праздника устраивают отдельные программы. За 90 тыс. тенге непоседливую публику от полутора до трех часов будет развлекать двухметровый йети Миго и его сородичи. Мастер-классы, сладкая вата и аквагрим в случае их необходимости составят для родителей дополнительные расходы. Программа с Эльзой из «Холодного сердца», бумажным шоу, мыльными пузырями, флешмобом и фотографом обойдется заказчикам в 80-120 тыс. тенге. Вариант новогодней программы для возраста «2+» с Дедом Морозом, Снегурочкой и Фиксиками оценивается в 38 тыс. тенге.

Цены небольшого города 

Ведущая праздников из Балхаша Татьяна Ледовская говорит, что в маленьком городе масштабы и цены на праздник меньше. Однако размер заработков в предновогодние дни может сравниться по величине только с порой выпускных.  У самой ведущей уже расписаны 10 дней до Нового года, в некоторые из них она ведет сразу два корпоратива.  В среднем за каждый Татьяна получит 50 тыс. тенге.   

Стоимость детского праздника зависит от количества гостей и самой программы. Так называемый «квартирник» для одного-двух детей на 15 минут с экспресс-поздравлением от Деда Мороза или Снегурочки обойдется родителям в 10 тыс. тенге. От 30 минут до часа - 15-20 тыс. тенге.  В преддверии Нового года – 30 и 31 декабря - тарифы могут вырасти вдвое.  На детском празднике с большой аудиторией можно за вечер заработать от 25 до 50 тыс. тенге. Доход будет зависеть от количества детей, если вход на праздник по билетам, которые, обычно продают по 3,5 тыс. тенге.  

«Стоимость программы зависит от ее насыщенности. Одна цена, если Снегурочка спела вместе с детворой, другая, если придут еще персонажи, для которых специально шили костюмы. В среднем наряд обходится в 50-100 тыс. тенге и больше. Также стоимость программы зависит от того, насколько затратные в нее включены шоу - silver-show, бумажная дискотека, неоновое шоу», - дополнила г-жа Ледовская.

Удивить масштабом  

Дизайн-студия «Виола» специализируется на оформлении интерьеров крупных торговых центров, организаций, частных домов, ресторанов.  

В начале декабря компания украшала к Новому году один из крупных торговых центров Караганды. По словам директора студии Анастасии Луневой, к таким проектам ее команда готовится за два-три месяца, поскольку результаты трудов должны удивить своим масштабом.  

На этот раз главным украшением холла стала 14–метровая елка.  Материалы для новогоднего дерева и украшения привезли из Китая и Алматы. Часть декора изготовили по специальному заказу в Караганде.  На монтаж праздничной конструкции, в которой были задействованы 20 человек – альпинисты, дизайнеры-декораторы и их помощники - ушло четыре дня. Стоимость проекта Анастасия огласить не смогла, но пояснила, что речь идет о большой сумме. Не назвала она и размер среднего чека, так как стоимость услуг каждый раз рассчитывается индивидуально в зависимости от потребностей заказчика. 

«Кто – то хочет лакшери, кто-то - подешевле. У нас нет как такового прайса. Даже небольшой отдел можно украсить и на 50, и на 100, и на 500 тыс. тенге», - заключила собеседница.  

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

drweb_ESS_kursiv.gif