Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


7523 просмотра

Как безработному казахстанцу открыть свой бизнес

История Бейбута Асанбаева

Фото: Shutterstock

CashMaster – компания, от которой на 70% зависит рынок платежных терминалов в Казахстане и Кыргызстане. Оборудование – собственного производства CashMaster. Здесь делают все – от резки металла для корпусов до сборки и настройки конечного продукта. 

Бейбут Асанбаев, основатель компании, говорит, что мог упустить все возможности, если бы в свое время его не уволили без объяснения причин с поста преуспевающего наемного менеджера крупной компании. В тот момент ему было 37 лет.

«Мне повезло, меня вовремя уволили», – иронично заметил г-н Асанбаев в начале нашей беседы. 

История CashMaster: от поставщика до производителя

Поиск своего места на рынке привел Бейбута Асанбаева в представительство российской компании, которая была монопольным поставщиком платежных терминалов по всему СНГ. Со временем предприниматель понял, что потребности Казахстана в кэш-машинах серьезны и выгодно было бы локализовать весь процесс – от сборки до внедрения.

Компания CashMaster была создана в 2009 году. Первое время занимались перепродажей все того же российского оборудования, но параллельно вели переговоры с производителями из Италии, США о прямых поставках оборудования под сборку. К примеру, завод отправлял в Казахстан терминалы без купюроприемников, их работники CashMaster устанавливали сами. 

Постепенно был открыт полноценный сборочный цех. Компания значительно расширила ассортимент закупаемых деталей (сейчас это 15 поставщиков из Китая, США и Европы) и стала специализироваться на полной сборке оборудования. 

Несколько лет спустя Бейбут Асанбаев построил собственный завод в пригороде Алматы, вложив в строительство $1 млн. Здесь организован полный цикл производства платежных терминалов – изготовление и покраска корпусов, сборка и установка на готовые терминалы материнских плат, процессоров, купюроприемников и экранов. Компания не занимается лишь разработкой программного обеспечения для терминалов, используя операционную систему Qiwi. 

Популярность конвертируется в деньги

Первыми заказчиками CashMaster были небольшие компании. Перелом наступил в 2013 году, когда был заключен договор с Kaspi Bank. CashMaster изготовила для филиальной сети заказчика 5 тыс. терминалов. Сейчас среди корпоративных клиентов казахстанского производителя терминалов – «Казахтелеком», Народный Банк, Евразийский Банк, Форте Банк. 

Крупным зарубежным рынком для CashMaster стал Кыргызстан, ежегодно туда отправляется около 2 тыс. платежных терминалов для операторов связи и банков. Небольшие объемы производятся для Малайзии, ОАЭ и Вьетнама. Сегодня 80% продаж приходится на Казахстан, 15% – на Кыргызстан и 5% – на все остальные направления. 

За все время компания изготовила и продала около 40 тыс. терминалов средней стоимостью 250 тыс. тенге. Конечная цена каждой модели зависит от требований заказчика. Банки, например, предпочитают банкоматы с американской «начинкой» – за $500–600. Заказчики с более скромными запросами удовлетворяются комплектующими попроще, примерно за $200. 

Как завод конкурирует со своими клиентами

Интересно, что в общей структуре прибыли компании доход от бизнеса по производству и продаже терминалов занимает 25%. Основной доход генерирует собственная сеть платежных терминалов. 2700 точек обслуживания расположены в Алматы и Алматинской области, Астане, Караганде, Семипалатинске, Талдыкоргане, Кордае. По оценке Бейбута Асанбаева, его сеть занимает примерно 15% рынка. Точные данные о доходе CashMaster он не раскрывает, но для понимания порядка цифр отметил, что только по одному из направлений бизнеса в прошлом году компания выплатила 182 млн тенге налогов.

В планах казахстанского предпринимателя – приобретение доли китайского завода, производящего купюроприемники, и расширение действующего производства.


1 просмотр

Ескі автобус сатып алып, қалай жылына $2 млн табыс табуға болады?

Атыраулық Вадим Синкевичтің кейсі

Фото: Shutterstock

Бизнесмен Вадим Синкевич кәсібін жаңадан бастағанда, қолдағы барын осы іске салады. Тіпті тірлігінің табысты боларына ешкім сенбеген қиын кезеңде де, бұл кәсібін тастамады. Қазір ол басқарып отырған компания – Атырау облысында қалааралық тасымалмен айналысатын жалғыз ресми тасымалдаушы, ал фирманың жылдық айналымы 2 миллион долларды құрайды. Осы табысты бизнестің тарихы туралы кәсіпкер «Курсивке» айтып берді.

Идея және ескі автобус

2005 жылы кәсіпкер жолаушылар тасымалымен айналысуға бел буады.  Сол кезде  Атырау маңында «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауытының құрылысы басталған еді, жобаны іске асыратын оператордың болжамы бойынша, ол жаққа 16 мыңға жуық маман жұмысқа тартылуы тиіс. Бұл –жұмысшыларды күнделікті қаладан құрылыс алаңына және кері қарай жеткізу деген сөз. 

Сол кезде Вадим Синкевичке автобус сатып алып, оны жұмысшыларды тасымалдауға жалға беріп қою туралы ой келеді. Жалпы, ол уақытта күзетшіліктен табатын 60 мың теңгемен алысқа бара алмайтын еді. Не ақшасы, не жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда тәжірибесі жоқ. Есесіне өз ісін бастауға деген үлкен ынта болды. 

«Пәтерімді кепілге қойып, 27 мың доллар несие алуға тура келді. Ол кезде қолымда бары сол еді. Бұл ақшаға зауыттан шыққанына 10 жыл болған автобус сатып алдым», – деп еске алады кәсіпкер. Ол кезде нарықта неміс пен кәрістердің ескі, енді бір 10 жыл жүріс беретін автобустары ғана бар еді.

«Бәрі бірден ойыңдағыдай болмайды екен, табысты бизнес пен жеңіл пайданың орнына, қиындықтан көз ашпай қалдым. Бұндай автобустардың бөлшектерін сататындар да аз, ал оны жөндейтін мамандар тіптен саусақпен санарлық болды. Газеттегі хабарландыру арқылы Алматыдағы фирмаларға шығып, қажетті бөлшектерге солар арқылы тапсырыс беруге тура келді. Автобустың жүргенінен тұрғаны көп болып, кірістің орнына шығын көбейіп кетті»,– дейді Вадим Синкевич.

Автобус жөндеп, оған қоса несие төлеу үшін, жас кәсіпкерге отбасымен ата-анасының шағын пәтеріне көшуге тура келеді. Өз пәтерін жалға өткізіп, отағасының жалақысы мен пәтерді жалға беруден түскен қаражат несиені жабуға және көлікті жөндеуге жұмсалған. Сол кезде мейірбике болып жұмыс істейтін әйелінің жалақысына ғана күн көреді.  
 
«Өз ісімнің» алғашқы алты айы тозақ сияқты көрінді. Бірақ содан кейін автобустан пайда түсе  бастады. Бір жыл ішінде мен банк қарызынан толық құтылдым. Тағы бір автобус алу қажеттігі туралы әңгіме қозғай бастасам, шыны керек, туыстарым құлақтарын жаба қашатын. Десе де, тағы да несие алып, оған екінші автобусымды сатып алдым. Кейінірек үшіншісіне қол жеткіздім», – деп еске алады Вадим Синкевич.
Қолға алған шаруа ақырындап болса да, алға жылжи бастады. Кәсіпкердің айтуынша, сол кезде ата-анасы үлкен қолдау көрсеткен. 

«Анам – есепші, әкем – механик, бізде менің «ЖК» негізінде ұйымшыл үштік пайда болды» дейді бүгінгі табысты кәсіпкер.

Іс өрге басқанда... 

Ал 2008 жылы алғашқы ЖШС-ні тіркейді.

«Мен әрқашан сапаға басымдық бердім. Басқа автобус жүргізушілері арзан көлік алып, жеке басының пайдасы үшін ғана ақша табуға тырысса, өзім басы артық шығындарымды қысқартып, бұл іске мүмкіндігінше көп қаржы салуға тырыстым. Нәтижесінде нарық өз  дегеніне алды. Уақыт өте келе, сапалы әрі ыңғайлы автобустар үлкен сұранысқа ие болып, бәсекелестерімнің көліктері ешкімге керек болмай қалды. Сол себепті көптеген кәсіпкерлер бұл бизнестен кетіп қалды», – дейді Синкевич.

2013 жылы жергілікті билік Атырау – Орал қалааралық бағытына қызмет көрсетуге конкурс жариялайды. Кәсіпкер ресми тасымалдаушы болу маңызды әрі жауапты жұмыс екенін жақсы түсінгенін айтады, десе де конкурсқа қатысуға бел буады. Ол үшін база жасақтап, қосымша мамандар алып, бірқатар қажетті құжаттарды дайындауға тура келді.

«Үлкен бөлімнің қызметкерлері дайындайтын құжаттарды мен бір өзім асүйде отырып дайындаған едім», – дейді кәсіпкер. Нәтижесінде конкурстан оның «ЛаВаТранс» ЖШС-і жеңіп шығады. 

Синкевичтің айтуынша, ол кезде қалааралық тасымалдың жүйесі қарапайым еді: қызмет көрсетілетін маршрутты бес жылға жалға алған кәсіпкер жұмысқа өзге автобус жүргізушілерін тарту арқылы ешқандай инвестиция салмайтын. Ал жалға алынған автобустардың жүргізушілері маршрут иесіне жұмыс істеу мүмкіндігі үшін белгілі бір пайыз ақша төлеп отырған.

«Жалға алынған ескі автобустардан бас тартып, өз автопаркімді жаңартуды және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуды мықтап қолға алған кезде, бұл ісімізге көңілі толмайтындар көбейіп кетті. Жан-жақтан қысымға алған кездер де болды, бірақ оның бәріне қарсы тұра алдық», – деп пайымдайды бизнесмен.

Қазіргі кезде ол басқаратын мекеме – Атырау – Орал, Атырау – Құлсары, Атырау – Бейнеу  бағыттарына қызмет көрсететін және Атырау облысындағы жалғыз ресми қалааралық тасымалдаушы. Компанияда 97 адам жұмыс істейді, жолаушыларға күн сайын 14 жаңа автобус қызмет көрсетеді.   

«ЛаВаТранс» ЖШС облыс орталығында және Жылыой ауданы, Құлсары қаласында орналасқан автовокзалды сенімгерлік басқаруға алған. Автовокзалдарды сенімгерлікпен басқару тасымалдаушының билетті онлайн сатуды ұйымдастыру, электронды билеттерді енгізу және жолаушыларға жайлы жағдай жасауына ықпал етті. Сонымен қатар, жақын қалалар арасында курьерлік тасымал да жолға қойылды.

Кәсіпкер автопаркті жаңартуға шындап кіріскенде, таңдауы қытайлық өндірушілерге түскен. 

«Бірқатар компаниялардың ұсынысын зерделеп, бірнеше автобус иелерімен сөйлесе келе, бренд үшін артық шығын шығарудың қажеті жоқ деген шешімге келдім. Мәселен, аты танымал еуропалық брендтің автобустарымен салыстырғанда, қытайлық өндірушілердің көлігі екі есе арзан. Ал сипаттамасы бойынша олардан еш жері кем емес. Біздің бірнеше автобусымыз мыңдаған шақырымды жүріп өтсе де, сынып, тұрып қалған кезі жоқ», – дейді бизнесмен.

Кәсіпкердің айтуынша, Қытаймен жұмыс істеу  өте ыңғайлы, өндіруші көлікті тапсырыс берушінің қалауын есепке ала отырып шығарады, оларды өз қаражаты есебінен Қазақстанға жеткізіп береді. Сондай-ақ, кепілдік мерзімінде ғана емес, одан кейін де техникалық қолдау көрсетеді.

Лизингтің ерекшелігі

2015 жылы кәсіпкер «Даму» қоры арқылы, пайыздық мөлшерлемені мемлекеттің субсидиялауымен лизингке 5 жаңа автобус сатып алады. 700 мың доллардан асатын несие кәсіпкер үшін өте қомақты сома еді.

«Тағы да 3 жаңа автобусқа тапсырыс бергенде, теңге бағамы қатты құбылып тұрды, зауыт автобустарды жинап болғанша, доллардың қаншалықты қымбаттап кететіні белгісіз еді. Ал келісім жасалып, алдын-ала төлем төленіп қойған, сондықтан көліктің соңғы құны қымбаттап кетсе де, келісімнен бас тарту мүмкін емес-тұғын» деп еске алады Вадим Синкевич.

Осы келісім барысында кәсіпкер лизингтік компаниямен келісіп, өндірушіден автобустарды күтіп отырған шақта, теңгенің құнсыздануынан шығынға батпас үшін, теңгені долларға ауыстырғызады.

«Одан кейінгі автобустарды өз қаражатыма сатып алдым, өйткені лизингтік компаниялардың шарттары өзгергендіктен, олармен жұмыс істеу тиімсіз болып кетті», – деп тұжырымдайды Синкевич.
 
Қазіргі кезде кәсіпкердің қол астында жолаушылар тасымалы, арнайы техникаға қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру сынды бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істейтін үш компания бар. Кәсіпкер өз жоспарлары туралы сөз қылғанды аса ұнатпайды, тек армандап отыра бермей, ең дұрысы – тірлік істеу деп есептейді.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

svadba.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций